Бишімбаевқа тергеу изоляторында ерекше жағдай жасалғаны рас па

© Sputnik / Болат ШайхиновКуандык Бишимбаев приговорен к 10 годам колонии
Куандык Бишимбаев приговорен к 10 годам колонии   - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
Осы орайда министр алдын ала сот отырысында конвойдың не себепті көп болғанын да түсіндірді
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов тергеу изоляторында отырған Бишімбаевқа арнайы жағдай жасалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Бишімбаев көпшілікпен бірге тергеу изоляторында отыр.
"Ешкімге ерекше жағдай жасалмайды. Барлығын заң тәртібі бойынша ұстайды. Ол жалпы камерада отырады, жанында басқа адамдар да бар", – деді Сәденов мәжілісте өткен брифингте.
Осы орайда министр алдын ала сот отырысында конвойдың не себепті көп болғанын да түсіндірді.
“Бізде нақты тәртіп бар. Бір сотталушының жанында үш-төрт конвой жүреді. Ол жерде екі сотталушы ғой. Сол себепті конвой да көп болды”,- деп атап көрсетті министр.
Айта кетері, 27 наурызда Бишімбаев ісі бойынша негізгі сот отырысы басталады. Үкімді алқабилер соты шығарады. 

Қуандық Бишімбаевқа қандай айып тағылып отыр?
2023 жылғы 9 қарашада елорда мейрамханаларының бірінде қайғылы оқиға болды – Салтанат Нүкенова дене жарақатынан қайтыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша әйелді жұбайы Қуандық Бишімбаев ұрып-соққан. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккен адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген және жедел жәрдем келгенде әйел қайтыс болып кеткен.
Сол күні ІІМ мейрамханадағы төбелес фактісін ғана растап, әйелдің дене жарақатынан қайтыс болғанын айтты. Алайда полиция күдіктінің атын атаудан бас тартты. Кейін Қазақстанның ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Ал ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеуді жеке бақылауға алды. 2024 жылдың қаңтарында Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевқа "айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіруден" басқа "азаптау" бабы да жүктелетінін айтты.
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Қоғам
Бишімбаев соты: алқабилер қалай іріктеледі
Жаңалықтар
0