https://sputnik.kz/20240318/araqqa-taueldini-konyakpen-emdeuge-bola-ma-deputat-ministrden-manyzdy-maseleni-surady-42981890.html
"Араққа тәуелдіні коньякпен емдеуге бола ма?": депутат министрден маңызды мәселені сұрады
"Араққа тәуелдіні коньякпен емдеуге бола ма?": депутат министрден маңызды мәселені сұрады
Sputnik Қазақстан
Денсаулық министрі депутаттың нашақорларды метадонмен емдеу туралы сұрап жатқанын бірден түсінді 18.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-18T14:57+0500
2024-03-18T14:57+0500
2024-03-18T18:38+0500
депутат
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33888372_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_3b3604980560f9477d1743882e43f5d4.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов нашақорларды есірткімен емдеуге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін төменгі палатада денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесі талқыланды. Сол кезде депутат Зайытов денсаулық сақтау министріне жұмбақтап сұрақ қойды."Ақмарал Шәріпбайқызы, араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма?", - деді Зайытов.Денсаулық министрі депутаттың нашақорларды метадонмен емдеу туралы сұрап жатқанын бірден түсінді.Зайытов бұл мәселені кеңінен талқылауды ұсынды. Себебі шағымданып жатқан мамандар аз емес. Ал денсаулық вице-министрі айтқанынан қайтпай отыр."Сіздің министрліктегі Дудник мырзаға бірдеңе дәлелдеу мүмкін емес. Ол кісі өз позициясын ұра береді екен. Нашаға тәуелді адамды екінші түрімен емдейміз деген әңгіме ақылға қонбайтын нәрсе ғой", - деп атап көрсетті Зайытов.Депутат министрлікте ресми сауалдарға жауап беретін "робот" қызметіне қатысты ескерту де жасады. "Бізге хат-хат халықтың өтініші келеді. Білмеймін, сіздерде робот бар ма? Тақырыбына қарап, жауабын жаза береді-ау деймін. Ішіндегісін оқымайды. Солай деп ойлаймын. Барлық хатқа дайын тұрған бір жауапты бере береді. Бір көмекшіңізді бекітіп қойыңыз, мен тікелей жіберіп отырмасам. Әйтпесе, "дежурный" жауаптарыңыздан шаршам кеттім", - деді Заитов.
https://sputnik.kz/20230911/en-tomengi-zhalaqy-300-myn-tenge-boluy-kerek--rinat-zayytov-38355854.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33888372_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_4b7e6428cbd23f8044b18ccf2f30a75f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, есірткі
"Араққа тәуелдіні коньякпен емдеуге бола ма?": депутат министрден маңызды мәселені сұрады
14:57 18.03.2024 (жаңартылды: 18:38 18.03.2024) Денсаулық министрі депутаттың нашақорларды метадонмен емдеу туралы сұрап жатқанын бірден түсінді
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов нашақорларды есірткімен емдеуге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін төменгі палатада денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесі талқыланды. Сол кезде депутат Зайытов денсаулық сақтау министріне жұмбақтап сұрақ қойды.
"Ақмарал Шәріпбайқызы, араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма?", - деді Зайытов.
Денсаулық министрі депутаттың нашақорларды метадонмен емдеу туралы сұрап жатқанын бірден түсінді.
"Метадон туралы айтып отырсыз ғой. Ол науқас басқа есірткіні іздеп кетеді, артынан қылмыс жасайды. Біз соны алдын алу үшін жасап жатырмыз. Халықаралық тәжірибе де енгізілген. Сол жағынан қарау керек деп ойлаймын", - деді Әлназарова.
Зайытов бұл мәселені кеңінен талқылауды ұсынды. Себебі шағымданып жатқан мамандар аз емес. Ал денсаулық вице-министрі айтқанынан қайтпай отыр.
"Сіздің министрліктегі Дудник мырзаға бірдеңе дәлелдеу мүмкін емес. Ол кісі өз позициясын ұра береді екен. Нашаға тәуелді адамды екінші түрімен емдейміз деген әңгіме ақылға қонбайтын нәрсе ғой", - деп атап көрсетті Зайытов.
Депутат министрлікте ресми сауалдарға жауап беретін "робот" қызметіне қатысты ескерту де жасады. "Бізге хат-хат халықтың өтініші келеді. Білмеймін, сіздерде робот бар ма? Тақырыбына қарап, жауабын жаза береді-ау деймін. Ішіндегісін оқымайды. Солай деп ойлаймын. Барлық хатқа дайын тұрған бір жауапты бере береді. Бір көмекшіңізді бекітіп қойыңыз, мен тікелей жіберіп отырмасам. Әйтпесе, "дежурный" жауаптарыңыздан шаршам кеттім", - деді Заитов.