Ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек – Ринат Зайытов

© Sputnik / Владислав ВодневРинат Зайытов
Ринат Зайытов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Жазылу
Ол ұлттық компаниялардың басшылары, орынбасарлары жылына жүздеген миллион сыйақы алатынын айтты
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек деп санайды. Бұл туралы ол мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың пікірінше, қазір елдегі ең төменгі жалақы өте төмен.
"Министрліктер есептесін. Меніңше ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек", - дейді Зайытов мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Айтуынша, бюджетке салмақ түсірмей, ең төменгі жалақыны көтеруге болады.
"Сіз ұлттық компаниялардың басшылары, орынбасарлары жылына қанша сыйақы алатынын білесіз бе? Жүздеген миллиондап алады. Неге соны ретке келтірмейді? Мен ненің есебінен көтеруге болатынын шешу үшін түрлі жол тауып беремін. Мен ғана емес, бүкіл депутаттар тауып береді", - дейді мәжілісмен.
Ол бұл мемлекеттің шығынын қысқарту емес, тек сандарды ойнату екенін атап өтті.
"Қызметкерлердің санаты деген болады, солардың рұқсат етілген межелері. Соны ретке келтірсе, бұл өз өзінен шешілетін сұрақ. Ақыры қымбатшылықпен күресе алмасақ, біз халықтың табысын көтеріп беруіміз керек", - деді Зайытов.
Қазір республикадағы ең төменгі жалақы 70 мың теңгені құрайды. Президент келесі жылдың қаңтарынан оның мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.
Жаңалықтар
0