Шаңырақ күні: елордада жаңа босанған аналар мен нәрестелерге сыйлық табыс етілді

CC0 / bingngu93 / Нәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Жазылу
Биыл Наурыз мерекесі жаңаша бағытта аталып өтіп жатыр
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Шаңырақ күні мерекесінде жаңа туған сәбилер мен аналарға сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Астанада Шаңырақ күнін тойлау қарсаңында "№2 көпбейінді қалалық аурухананың" акушерлік блогында жаңа туған нәрестелердің аналары марапатталды.
"Салтанатты іс-шарада Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бауыржан Бектұрсынов жас босанған аналар мен сәбилерге туу туралы куәліктері мен сыйлықтар табыстады", - делінген хабарламада.
Айта кетері, биыл Наурыз мерекесі жаңаша бағытта аталып өтіп жатыр. Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында 17 наурызда Шаңырақ күні, яғни отбасылық құндылықтардың рөлі насихатталады.
Эффективность технологии ЭКО составляет от 5 до 55%. Все зависит от возраста и состояния здоровья женщины - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Астанада жасанды ұрықтандыру процедурасына МӘМС-тен 2 млрд теңге қаржы бөлінді
Жаңалықтар
0