Астанада жасанды ұрықтандыру процедурасына МӘМС-тен 2 млрд теңге қаржы бөлінді

© Sputnik / Тимур БатыршинЭффективность технологии ЭКО составляет от 5 до 55%. Все зависит от возраста и состояния здоровья женщины
Эффективность технологии ЭКО составляет от 5 до 55%. Все зависит от возраста и состояния здоровья женщины - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Жазылу
Сонымен қатар 2024 жылы МӘМС бойынша ұрықтың туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 9,25 млн теңге қарастырылған
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының мәліметінше, 2023 жылы МӘМС қаражатынан экстрокорпоральды ұрықтьандыру процедуралары үшін 2069 әйел адамға 2,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Астана қаласынан 554 квота қарастырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Айта кету керек, 2023 жылы Астана қаласы бойынша 15 жеңілдік санатына кіретін жүкті әйелдер дәрігерлердің бақылауына байланысты 2 млн қызмет алды. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер, олардың жалпы қаржыландыруы МӘМС қаражатынан 3,3 млрд теңгені құрады.
Бұл ретте акушерлік бейіндегі тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 43 мың астаналықтың емделуіне 6,8 млрд теңге қарастырылды. Бала көтеруге қабілетті жастағы 831 әйел құны 1,68 млн теңге болатын темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттарды алды.
Сонымен қатар 2024 жылы МӘМС бойынша ұрықтың туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 9,25 млн теңге қарастырылған.
"Уақтылы скрининг – ана мен баланың денсаулығының кепілі. Жүкті әйелдер МӘМС шеңберінде 1-ші, 2-ші, 3-ші триместрде пренетальды скринингтерден өтуі мүмкін. Ал жүкті әйелдерді, сондай-ақ жоғары тәуекел тобындағы жүкті әйелдерді бақылау бөлімшесінде МӘМС енгізудің арқасында тексеру тізбесі кеңейтілді. Науқас үшін мұның бәрі тегін болады", - деп түсіндірді Астана қаласы № 2 көпсалалы ауруханасы директорының амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары, жоғары санатты акушер-гинеколог Сәуле Ибраева.
Балалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2017
Қоғам
Елімізде 20 жыл ішінде 10 мың бала жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келді
Жаңалықтар
0