Қоғам

Елімізде 20 жыл ішінде 10 мың бала жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келді

© Photo : pixabay.comБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда ЭКО қызметі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бағдарламасына енгізілді, квоталар бөлінеді

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Қазақстанда жасанды ұрықтандыру бағдарламасы (ЭКО) жүргізілген жылдар ішінде 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Таразда ірі денелі сәби дүниеге келді

"Пробиркадан пайда болған" алғашқы нәресте 1996 жылы туды.   

"Қазақстан республикалық бюджет есебінен белсіздікке шалдыққан науқастар арасында ЭКО бағдарламасын жүргізу туралы шешімді посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасында алғашқылардың бірі болып қабылдады", — дейді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева халықаралық конгресте сөйлеген сөзінде. 

2010 жылдан бері ЭКО бағдарламасы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілген әрі жыл сайын саны өсіп келеді: 2010-2017 жыл аралығында – тоғыз есе (жылына 900 циклге жетті). 

Қазақстанда ақылы ЭКО қызметінің бағасы 2500 доллар (900 мың теңгедей) тұрады.

Жаңалықтар
0