АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Тараздағы перзентханада ірі денелі сәби дүниеге келді, деп хабарлайды жергілікті Zhambylnews.kz порталы.
Баланың салмағы 6 келі 265 грамм, бойы – 67 сантиметр. Қыз бала өмірге сейсенбі 25 шілде күні сағат 04.00-де келді.
Дәрігерлердің айтуынша, соңғы бес жылда қалада мұндай ірі денелі сәбилер тумаған.
Шақалақ 29 жастағы Алена Примушканың үшінші баласы екен. Ол үш баласын да табиғи жолмен өмірге әкелген.
Ана мен сәбидің жағдайы жақсы, перзентханадан шығуға дайындалып жатыр.