АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Маңғыстау облысының Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталығында ерекше ірі нәресте дүниеге келді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Роза Баданова.
Қыз бала 2016 жылғы 7 қарашада туылды. Оның салмағы 6 келі 100 грамм. Бойы 61 сантиметр болды. Жаңа туған қыздың анасы өзі туралы деректер бергісі келмейтіндігі атап өтіледі. Бұл сәби әйелдің алтыншы перзенті, осылайша олардың отбасында үш ұл және үш қыз болды.
Дәрігерлер атап өткендей, босану табиғи жолмен болған, анасының жағдайы қанағаттандырарлық.
Жаңа туған сәбиге ата-анасы Мөлдір деген есімді бермек.
Агенттікке Баданова түсіндіріп өткендей, бұл жағдайда мұндай салмақ пен бой генетикамен түсіндіріледі. Бұл отбасындағы барлық балалар ірі салмақпен туылған. Осының алдында бұл отбасыда туылған бала 5 келі салмақпен туылған.