Қоғам

Жилстройбек есімді сәби туралы мәліметтер расталған жоқ

© AP Photo сәби
сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент әкімдігі банктердің бірінің құрметіне есімі қойылған сәби туралы ақпаратты растамады.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. Шымкент әкімдігі сәбидің есімін Жилстройбек деп қойыпты деген ақпаратты растамайды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қала әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

Бұрын БАҚ-тар Шымкентте "Жилстройсбербанктен" пәтер алған жас ата-ана баласының есімін Жилстройбек қойыпты деп хабарлаған. Сәби қыркүйекте туылды, оның толық есімі "Жилстройбек Еркебұланұлы Батырбек", деп хабарланған.  

"Ол еш жерде тіркелмеген. Біз АХАЖ жазбаларын тексердік, ондай еш жерде жоқ. Соңғы рет жұмада тексердік", — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы. 


Жаңалықтар
0