Спорт

Қазақстандық таэквондошы Париждегі Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

© Photo : Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіҚазақстандық таэквондошы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Қазақстандық таэквондошы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2024
Жазылу
Ол жартылай финалда филиппин спортшысы Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты
АЛМАТЫ, 16 наурыз - Sputtnik. Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынынатағы бір жолдама түсті, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитеті.
58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Ол жартылай финалда филиппин спортшысы Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы олимпиадасына аттанады.
Айта кетері, іріктеу сынында Абабакиров Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын шаң қаптырды.
Бұған дейін Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта Париждегі Олимпиада лицензиясына қол жеткізгені туралы хабарланған болатын.
Батырхан Төлеуғали   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Таэквондошы Батырхан Төлеуғали Париждегі Олимпиадаға лицензия жеңіп алды
Жаңалықтар
0