Таэквондошы Батырхан Төлеуғали Париждегі Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

© Photo : пресс-служба Минтуризма и спорта КазахстанаБатырхан Төлеуғали
Батырхан Төлеуғали   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Жазылу
Турнирде барлығы төрт қазақстандық өнер көрсетеді
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Батырхан Төлеуғали Тайан қаласындағы (Қытай) іріктеу турнирінде саудиялық Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңіп, финалға шықты.
Соның арқасында Төлеуғали лицензияның иесі атанды. Алдыңғы жекпе-жегінде 17 жастағы Төлеуғали үндістандық Акшай Худуды жеңген болатын.
Ол 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатыр.
© Photo : пресс-служба Минтуризма и спорта КазахстанаБатырхан Төлеуғали
Казахстанский таеквондист Батырхан Толеугали - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Батырхан Төлеуғали
Қытайдағы жарыста әр салмақта екі финалист Олимпиада квотасын алады. Турнирге 33 елден барлығы 96 таэквондошы келді.
Турнирде барлығы төрт қазақстандық өнер көрсетеді. Төлеуғалидан бөлек Самирхон Абабакиров (58 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Жансель Дениз (67 келіден жоғары) квота үшін таласады. Олар 16 наурызда даянгқа (таэквондошыларға арналған татами – Sputnik) шығады.
Жаңалықтар
0