Қоғам

Қостанайда бұрынғы сот орындаушы мемлекет пайдасына өндірілген ақшаны жымқырған

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Жазылу
Жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 млн теңгені өз шотына аударған
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының прокуратурасы бұрынғы жеке сот орындаушының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндірілген қаражатты ұрлау схемасын анықтады.
Бұрынғы жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылғаннан кейін 6 млн теңгеден астам ақшаны өндіріп алушыларға берудің орнына өз шотына аударған.
"Бұл ақша – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары", - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып немесе онсыз, 4 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Мужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2024
Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін ұрлаған
Жаңалықтар
0