https://sputnik.kz/20240228/almaty-oblysynda-sot-oryndaushy-balalardyn-alimentin-urlagan-42547616.html
Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін ұрлаған
Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін ұрлаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырған, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T10:07+0500
2024-02-28T10:07+0500
2024-02-28T10:07+0500
алматы облысы
алимент
https://sputnik.kz/img/02/86/028670_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_71e9f0e4354501682ab6a0b1957fd095.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырған, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бір жарым айда борышкердің жалақысынан сот орындаушысының арнайы шотына баланы асырауға деп 816 мың теңге аударылған.Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған.Бұл ретте, алимент аударушының адалдығына қарамастан, сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдады.Сот орындаушысының жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды.Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция Департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.Сондай-ақ, борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтіріліп, бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/02/86/028670_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_521c6fc2bde5245e636c99e8331a9130.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, алимент
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырған, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бір жарым айда борышкердің жалақысынан сот орындаушысының арнайы шотына баланы асырауға деп 816 мың теңге аударылған.
Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған.
Бұл ретте, алимент аударушының адалдығына қарамастан, сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдады.
Сот орындаушысының жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды.
Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция Департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ, борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтіріліп, бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.