Қоғам

Салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген адамдардың атынан кредит алған

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2024
Жазылу
Алаяқ салықшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қосшы қаласында салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды.
Ақмола облыстық прокуратурасының ақпаратынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп алған. Сосын жәбірленушілердің атына онлайн микрокредит рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.
"Қосшы қаласы прокуратурасының нұсқауын орындау барысында алаяқ анықталып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.
Облыстық прокуратура азаматтарға түрлі қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сақ болуды ескертті.
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2024
Не ақша, не тауар жоқ, бірақ кредит бар – Астана тұрғыны
Жаңалықтар
0