Путин: кез келген елдің жастары үшін Ресей есігі ашық

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуБүкіләлемдік жастар фестивалі
Бүкіләлемдік жастар фестивалі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Ол басқа елдің жастары талай жетістіктерге жететініне сенім білдірді
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ресейдің есігі түрлі елдердің жастары мен олардың ең жақсы бастамалары үшін әрқашан ашық болады, деді Ресей президенті Владимир Путин Бүкіләлемдік жастар фестивалінің жабылу салтанатында.
"Сіздер Ресейге келдіңіздер, осы жерден көптеген дос таптыңыздар, енді бүкіл Ресей сіздің досыңыз екенін айтқым келеді. Біздің есігіміз сіздер үшін, барлық игі бастамаларыңыз үшін әрқашан ашық", - деді Путин.
Ол басқа елдің жастары талай жетістіктерге жететініне сенім білдірді.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтеді.
Бүкіләлемдік жастар фестивалінің жабылу салтанаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Ресей президенті шетелдік студенттерге жылы киінуге кеңес берді
Жаңалықтар
0