Ресей президенті шетелдік студенттерге жылы киінуге кеңес берді

© Photo : Официальный канал Всемирного фестиваля молодежи 2024 года. Бүкіләлемдік жастар фестивалінің жабылу салтанаты
Бүкіләлемдік жастар фестивалінің жабылу салтанаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Сочиде 1-7 наурыз аралығында Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі Бүкіләлемдік жастар фестиваліне келген шетелдік студенттермен кездесіп, оларға жылы киінуге кеңес берді.
"Тоңып қалмадыңыздар ма? Ең бастысы жылы киіну керек", - деді Путин.
Ресей халықтар достығы университетінде орыс тілін шет тілі ретінде оқытатын габондық фестиваль қатысушысы Оливия президентпен сөйлесті. Оливия Путинге орыс тілін ұнатқанын және ХІХ ғасырдағы поэзияны оқығанын айтты.
Бұған жауап берген Путин заманауи технологиялар жылдам аударуға мүмкіндік беретінін, бірақ компьютерлік аударма басқа мәдениет әлеміне терең енуге мүмкіндік бермейтінін айтты.
"Ал басқа мәдениет басқа әлем сияқты. Түпнұсқада Пушкинді, түпнұсқада Гетені, түпнұсқада Драйзерді оқу – суретші немесе жазушы өмір сүретін әлемді мүлдем басқаша қабылдау", - деді Путин.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтіп жатыр. Бизнес, БАҚ, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет, ғылым, білім, волонтерлік, қайырымдылық және спорт саласындағы жас көшбасшылар арасында қазақстандық жастар да бар.
Жаңалықтар
0