https://sputnik.kz/20240304/medvedev-yadrolyq-qaqtygys-qaupine-baga-berdi-42715940.html
Медведев ядролық қақтығыс қаупіне баға берді
Медведев ядролық қақтығыс қаупіне баға берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Қазір ядролық қақтығыс қаупі Ресей мен АҚШ соғыспай, тек өз мүмкіндіктерімен жарысқан Кариб дағдарысы кездегіден де жоғары, деп... 04.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-04T17:16+0500
2024-03-04T17:16+0500
2024-03-06T13:28+0500
дмитрий медведев
https://sputnik.kz/img/07e8/03/06/42715174_0:0:2827:1591_1920x0_80_0_0_3fde9ab6dc734836f007cb83e7039feb.jpg
АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Қазір ядролық қақтығыс қаупі Ресей мен АҚШ соғыспай, тек өз мүмкіндіктерімен жарысқан Кариб дағдарысы кездегіден де жоғары, деп мәлімдеді Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев."Қазіргі басты қауіп - бұл ядролық қақтығыс қаупі. Бұл қауіп 1962 жылы Кариб дағдарысы кезіндегіден жүз есе күшті", - деді Медведев Бүкіләлемдік жастар фестивалі аясында өтіп жатқан "Білім. Алғаш рет" марафонына қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп.Оның айтуынша, ол кезде Ресей АҚШ-пен соғысып жатқан жоқ болатын және тараптар өз мүмкіндіктерін ғана өлшеп жатты."Ал қазір олар бізбен соғысып жатыр. Мені бұл туралы үнемі айтатын адам деп ойламаңыздар. Бір кездері өз қолында ядролық қарудың кілті болған адам ретінде мен бұл қауіптің қаншалықты шынайы екенін түсінемін", - деді Медведев.Оның үстіне, ол жазатайым оқиғалардан ешкімнің де сақтандырылмағанын, бірақ бұл бәрінің жоқ қылатын апатқа айналуы мүмкін екенін айтты.Бүкіләлемдік жастар фестивалі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы – Росмолодежь.РИА Новости 2024 жылғы Бүкіләлемдік жастар фестивалінің бас ақпараттық серіктесі болып табылады.
https://sputnik.kz/20240302/sirius-qalasynda-bukilalemdik-zhastar-festivali-saltanatty-turde-ashyldy-42709795.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/06/42715174_98:0:2827:2047_1920x0_80_0_0_c8c05fd20f872b06866aae3092b5616b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дмитрий медведев
Медведев ядролық қақтығыс қаупіне баға берді
17:16 04.03.2024 (жаңартылды: 13:28 06.03.2024) АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Қазір ядролық қақтығыс қаупі Ресей мен АҚШ соғыспай, тек өз мүмкіндіктерімен жарысқан Кариб дағдарысы кездегіден де жоғары, деп мәлімдеді Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев.
"Қазіргі басты қауіп - бұл ядролық қақтығыс қаупі. Бұл қауіп 1962 жылы Кариб дағдарысы кезіндегіден жүз есе күшті", - деді Медведев Бүкіләлемдік жастар фестивалі аясында өтіп жатқан "Білім. Алғаш рет" марафонына қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп.
Оның айтуынша, ол кезде Ресей АҚШ-пен соғысып жатқан жоқ болатын және тараптар өз мүмкіндіктерін ғана өлшеп жатты.
"Ал қазір олар бізбен соғысып жатыр. Мені бұл туралы үнемі айтатын адам деп ойламаңыздар. Бір кездері өз қолында ядролық қарудың кілті болған адам ретінде мен бұл қауіптің қаншалықты шынайы екенін түсінемін", - деді Медведев.
Оның үстіне, ол жазатайым оқиғалардан ешкімнің де сақтандырылмағанын, бірақ бұл бәрінің жоқ қылатын апатқа айналуы мүмкін екенін айтты.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы – Росмолодежь.
РИА Новости 2024 жылғы Бүкіләлемдік жастар фестивалінің бас ақпараттық серіктесі болып табылады.