Сириус қаласында Бүкіләлемдік жастар фестивалі салтанатты түрде ашылды

© Sputnik / Pavel Bednyakov / Медиабанкке өтуЦеремония открытия Всемирного фестиваля молодёжи 2024
Церемония открытия Всемирного фестиваля молодёжи 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Жазылу
Бүкіләлемдік жастар фестивалі 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтеді
АСТАНА, 2 наурыз - Sputnik. Сириус қаласында Бүкіләлемдік жастар фестивалінің ашылу салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Салтанатты шара Ресей әнұранын орындаумен басталды және сол кезде стадион трибуналары Ресей туына сәйкес үш түсті бояумен жарықтандырылды.
Салтанатты шара екі жастың махаббат хикаясы ретінде ұсынылған. Оқиға әлемнің кез келген жеріндегі кез келген адамға таныс және түсінікті: кейіпкерлер өседі, оқиды, отбасынан ересек өмірге аттанып, қиындықтарға тап болады. Басты кейіпкерлер Аделина мен Андрей арманына жету үшін қиын жолдан өтеді. Қойылым жастарға таныс күрделі тақырыптарды қозғайды: мақсатын табу, өмір жолын таңдау, болашаққа жауапкершілік, шектеулерді мүмкіндікке айналдыру, армандарды орындау, аға буынмен қарым-қатынас, махаббат және оның отбасындағы сипаты.
© Sputnik / Evgeny Biyatov / Медиабанкке өтуБүкіләлемдік жастар фестивалінің қатысушылары
Участники церемонии открытия Всемирного фестиваля молодёжи 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Бүкіләлемдік жастар фестивалінің қатысушылары
Салтанатты шараға арнайы биіктігі 12 метрлік алты жарық диодты экранның үлкен кинетикалық декорациялық кешені әзірленді. Бұл үш қабатты ғимараттың биіктігімен тең. Экрандар бүгінде адам баласының күнделікті тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналған ұялы телефон түрінде ұсынылған.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы – Росмолодежь.
Жаңалықтар
0