https://sputnik.kz/20240303/ulytau-oblysynda-zhylqylar-qyryldy-komissiya-sebebin-aytty-42642217.html
Ұлытау облысында жылқылар қырылды: комиссия себебін айтты
Ұлытау облысында жылқылар қырылды: комиссия себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Жаңаарқа жайылымында өлген жылқылар базада тіркелмен, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі 03.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-03T19:45+0500
2024-03-03T19:45+0500
2024-03-03T20:52+0500
жылқы
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1c/16149471_0:218:2867:1830_1920x0_80_0_0_57c569d6b0a83906a654f894a838fdf9.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ұлытау облысында жылқылар ауа райының қолайсыздығынан өлген. Өңірге жылқылардың жаппай қырылу себебін тексеру үшін барған комиссия осындай шешімге келген. ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының м.а. Б.Аймұрзаев пен ҚР АШМ "Ауа райының қолайсыздығынан, 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың ақпан айында қардың қалың түсуінен, температураның төмендеуінен және жайылымдарға мұз қатуына байланысты жылқылардың тебіндеуі қиынға соққан. Оны тайлар мен кәрі жылқылар көтере алмаған", - деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасының дерегі бойынша қазіргі уақытта ауданда 84,3 мың бас жылқы тіркелген.Жаңаарқа кенті мен Қаражал қаласы арасындағы автомобиль жолының бойынан өлексесі табылған 23 бас жылқының сәйкестендіру нөмірі болмай шықты. Өлекселер мал қорымына жеткізілді.Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында сәйкестендіру нөмірі жоқ тағы 44 бас жылқы табылды. Осылайша жайлымда өлген 67 бас жылқының иелерін де анықтау мүмкін болмады. Аудандық ветеринарлық станцияларға жылқылардың өліміне қатысты иелерінен әлі ресми түрде өтініш түспеген."Айта кетейік, Ұлытау облысында 2000 бас және Жаңаарқа ауданында қолда бар мал басының жартысы өлді деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада. Бүгінгі таңда ауылдық ветеринарлық дәрігерлердің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлардың қатысуымен өлген жылқыларды жинау және олардың өлекселерін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысындағы аудандық аумақтық инспекцияларының қадағалауында болады.
https://sputnik.kz/20240302/aqmola-oblysynda-zhylqylar-zhappay-qyryldy--tekseris-natizhesi-zhariyalandy-42629022.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1c/16149471_67:0:2798:2048_1920x0_80_0_0_676137fe44ff54a24ea19d9d60574379.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы
Ұлытау облысында жылқылар қырылды: комиссия себебін айтты
19:45 03.03.2024 (жаңартылды: 20:52 03.03.2024) Жаңаарқа жайылымында өлген жылқылар базада тіркелмен, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ұлытау облысында жылқылар ауа райының қолайсыздығынан өлген. Өңірге жылқылардың жаппай қырылу себебін тексеру үшін барған комиссия осындай шешімге келген.
ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының м.а. Б.Аймұрзаев пен ҚР АШМ
"Ауа райының қолайсыздығынан, 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың ақпан айында қардың қалың түсуінен, температураның төмендеуінен және жайылымдарға мұз қатуына байланысты жылқылардың тебіндеуі қиынға соққан. Оны тайлар мен кәрі жылқылар көтере алмаған", - деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасының дерегі бойынша қазіргі уақытта ауданда 84,3 мың бас жылқы тіркелген.
Жаңаарқа кенті мен Қаражал қаласы арасындағы автомобиль жолының бойынан өлексесі табылған 23 бас жылқының сәйкестендіру нөмірі болмай шықты. Өлекселер мал қорымына жеткізілді.
Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында сәйкестендіру нөмірі жоқ тағы 44 бас жылқы табылды. Осылайша жайлымда өлген 67 бас жылқының иелерін де анықтау мүмкін болмады. Аудандық ветеринарлық станцияларға жылқылардың өліміне қатысты иелерінен әлі ресми түрде өтініш түспеген.
"Айта кетейік, Ұлытау облысында 2000 бас және Жаңаарқа ауданында қолда бар мал басының жартысы өлді деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда ауылдық ветеринарлық дәрігерлердің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлардың қатысуымен өлген жылқыларды жинау және олардың өлекселерін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысындағы аудандық аумақтық инспекцияларының қадағалауында болады.