https://sputnik.kz/20240302/aqmola-oblysynda-zhylqylar-zhappay-qyryldy--tekseris-natizhesi-zhariyalandy-42629022.html
Ақмола облысында жылқылар жаппай қырылды – тексеріс нәтижесі жарияланды
Ақмола облысында жылқылар жаппай қырылды – тексеріс нәтижесі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Аудандарды аралаған комиссия бірқатар шараны қабылдауға шешім шығарды 02.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-02T12:04+0500
2024-03-02T12:04+0500
2024-03-02T12:58+0500
солтүстік қазақстан облысы
жылқы
https://sputnik.kz/img/07e8/03/01/42601448_0:33:3521:2014_1920x0_80_0_0_1a9d849ae948cfedd39c3edaf5784ac5.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жылқылар жаппай қырылған аудандарға комиссия жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына жасап.Ресми мәліметке сәйкес, Ақмола облысында ауа-райының қолайсыздығынан және жайылымдық жерлердің қатқақ болуынан жылқылардың тебіндеуі қиындап, ең жас және кәрі малдар қырылған. Ондай жағдай Мамай ауылында тіркелген. Сол сияқты Жалғызқарағай ауылында 55 бас, ал Степногорск өңірінде 42 бас жылқы өлген.Аудандарды аралаған комиссия бірқатар шараны қабылдауға шешім шығарды. Олар:Қазіргі кезде облыс әкімі орынбасарының басшылығымен жедел штаб жұмыс істейді.Облыстық ветеринария басқармасының мәліметі бойынша 2023 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін 117 бас жылқының өлімі тіркелген, соның ішінде тек 27 бас жылқы ғана жергілікті жерлердегі ветеринариялық есептікке алынған. Қалған жылқылар нақты тіркеуде жоқ, олардың иелері де белгісіз.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/01/42601448_396:0:3125:2047_1920x0_80_0_0_962dba3069446149774f95fcc3578e2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, жылқы
солтүстік қазақстан облысы, жылқы
Ақмола облысында жылқылар жаппай қырылды – тексеріс нәтижесі жарияланды
12:04 02.03.2024 (жаңартылды: 12:58 02.03.2024) Аудандарды аралаған комиссия бірқатар шараны қабылдауға шешім шығарды
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жылқылар жаппай қырылған аудандарға комиссия жіберді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Ақмола облысында ауа-райының қолайсыздығынан және жайылымдық жерлердің қатқақ болуынан жылқылардың тебіндеуі қиындап, ең жас және кәрі малдар қырылған. Ондай жағдай Мамай ауылында тіркелген. Сол сияқты Жалғызқарағай ауылында 55 бас, ал Степногорск өңірінде 42 бас жылқы өлген.
"Халықтың негізгі бөлігі жануарларды күтіп-бағуды жеке аулаларына ауыстырған. Жайылымда тек қана иелері қалаларда және басқа елді мекендерде тұратын, сондай-ақ өз малдарын азықпен қамтамасыз етпеген тұрғындардың малы қалған. Жылқылардың қыс мезгілінде қырылуына иелерінің малдарды фермаларда ұстамауынан және қажетті мөлшерде жем-шөп дайындамай, ашығуы себеп болған", - дейді мамандар.
Аудандарды аралаған комиссия бірқатар шараны қабылдауға шешім шығарды.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы 73,5 мың бас жылқы қораға ауыстыру;
Күндізгі жайылымға тебіндеуге 71,8 мың бас жылқы жіберу (түнгі уақытта тиісті азықтандыруы бар қораларға айдау);
жергілікті жерлерде мал басын жеммен қамтамасыз ету;
жайылымдық жерлерлерді қамтамасыз ету үшін қар жамылғысының үстіңгі қабатын қопсыту;
Қазіргі кезде облыс әкімі орынбасарының басшылығымен жедел штаб жұмыс істейді.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметі бойынша 2023 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін 117 бас жылқының өлімі тіркелген, соның ішінде тек 27 бас жылқы ғана жергілікті жерлердегі ветеринариялық есептікке алынған. Қалған жылқылар нақты тіркеуде жоқ, олардың иелері де белгісіз.