Тоқаев Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2024
Жазылу
Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің байланысы болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, деп жазды президент
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президенті Румен Радевті ұлттық мереке – Азат ету күнімен құттықтады.
"Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Болгария президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.
Р.Ердоғанның Астанаға мемлекеттік сапары. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Тоқаев Түркия президентіне қоңырау шалды
Жаңалықтар
0