Тоқаев Түркия президентіне қоңырау шалды

© Sputnik / Владислав Воднев / Медиабанкке өтуР.Ердоғанның Астанаға мемлекеттік сапары. Архивтегі фото
Р.Ердоғанның Астанаға мемлекеттік сапары. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Түркия президентінің көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді.
"Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты өркендету мәселесі жөнінде пікір алмасты", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады.
 Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Тоқаев Александр Стуббты Финляндия президенті болып сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар
0