Бүгін түнде сағат тілі ауысады: қазақстандықтар не істеуі керек
© AFP 2024 / JEFF PACHOUDЧасы, будильник
© AFP 2024 / JEFF PACHOUD
Жазылу
Республиканың бес облысы ғана бұрынғы уақыт белдеуінде қалады
1 наурыздан бастап Қазақстанның он бес өңірі бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады. Осылайша бүкіл республикада уақыт теңеседі. Бірыңғай уақытқа кімдер көшеді және ол үшін не істеу керек? Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Қазақстан неліктен бірыңғай уақыт белдеуіне көшкелі отыр
Қазір елімізде UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылады. Республиканың батысын қоспағанда, елдің көп бөлігі UTC+6 аймағында орналасқан. Ғалымдардың сөзіне сенсек, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді. Адам денсаулығы үшін күн сәулесіне, яғни табиғи уақытқа барынша жақын тұрақты уақыт белдеуін қолданған дұрыс.
Денсаулық сақтау министрлігі де осы ұстанымды ұстанып отыр. Өйткені уақыттың табиғи тәртібінен озуы шаршаңқылыққа, күйзеліс пен ұйқысыздыққа, созылмалы аурулардың пайда болуына себеп екен.
Адам денсаулығына оң әсерінен бөлек, бірыңғай уақыт белдеуі экономикалық шығындарды да азайтпақ.
Қазақстандағы уақытты есептеу мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы бір жыл бойы бірыңғай уақыт белдеуін зерттеп-зерделеп, осындай қорытындыға келген. Сөйтіп елді бір сағатқа – UTC+5 белдеуіне ауыстыруды ұсынған.
Сағат тілі артқа жылжиды
Сағат тілі 2024 жылы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні 00.00-де ауысады.
Мына өңірлер жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа шегереді:
1.
Астана2.
Алматы3.
Шымкент қалалары.Абай
Ақмола
Алматы
Жамбыл
Жетісу
Қарағанды
Қостанай
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Түркістан
Ұлытау
Шығыс Қазақстан облыстары.
Уақыт өзгермейтін облыстар:
1.
Атырау2.
Ақтөбе3.
Маңғыстау4.
Батыс Қазақстан5.
Қызылорда.Осылайша көктемнің алғашқы күнінен бастап бүкіл Қазақстан UTC+5 уақыт белдеуіне ауысады.
Телефонда уақыт қалай ауысады
Азаматтарға түнгі он екіде смартфондағы сағатты өз бетінше 60 минутқа артқа жылжытудың қажеті жоқ. Гаджетте автоматты жаңарту қосулы тұрса және интернет болса уақыт автоматты түрде өзгереді. Құрылғының сағатын бірыңғай уақыт белдеуімен сәйкестендіру үшін операциялық жүйені соңғы нұсқасына дейін жаңарту жеткілікті.
Сағат автоматты түрде ауыспаған жағдайда не істеу керектігін толығырақ цифрлық даму министрлігінің сайтынан оқыңыз.
Пойыздар мен ұшақтардың уақыты
Бірыңғай уақытқа ауысуға байланысты ұшаққа немесе пойызға билет алған жолаушылар рейстеріне кешігіп қалмаймыз ба деп алаңдайды.
Осыған байланысты Қазақстанның авиация әкімшілігі 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында "қауырт желіні" іске қосты. Жолаушылар +7 7172 798214, +77172 798213 нөмірлері арқылы рейстің ұшу уақытын біле алады.
Сондай-ақ отандық әуе компанияларына да хабарласуға болады:
"Air Astana" + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
"FlyArystan" +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
"SCAT" +7 7252 99 88 80;
"Qazaq Air" + 7 727 356 14 14.
Ал пойыз жолаушылары анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша немесе @KTZH_PP_BOT Telegram боты арқылы ала алады.
Ұялы байланыс
Жаңа уақыт белдеуіне ауысқан сәтте техникалық жұмыстарға байланысты уақытша байланыс үзіліп, мобильді қызметтердің бір бөлігінде шектеулер болуы мүмкін. Осыған байланысты операторлар тариф бойынша төлемді күні бұрын төлеп қоюға кеңес берді.
Электронды үкімет уақытша жұмыс істемейді
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қызмет көрсететін бірқатар сайт уақытша істен шығады.
29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін мына порталдар жұмыс істемейді:
eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
egov mobile мобильді қосымшасы;
"Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпарат жүйесі;
"Техникалық бақылау" бірыңғай ақпарат жүйесі;
"e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі және тағы басқалары.
Сабақ нешеде басталады
1 наурыздан мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Бұл жайлы журналистерге оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеген еді.
"Біз жергілікті атқарушы органдарға, қажет болса, сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз. Бұған ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Мысалы, таңғы 08.00-ден оқитын мектептер 08.30-да бастай алады. Әрине, мүмкіндік бар", - дейді ведомство басшысы.
Намаз уақыты өзгереді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз UTC +5 уақытына ауысқаннан кейін намаз уақыты да автоматты түрде өзгеретінін мәлімдеді.
Тиісті елді мекендегі намаз уақыты жайлы мүфтият сайтындағы намаз кестесінен білуге болады. Ал жұма намазының жаңа кестесі төменде көрсетілген.
© Мұсылмандар діни басқармасы Жаңа жұма намаз кестесі
Жаңа жұма намаз кестесі
Кәсіпкерлердің кассалық аппараттары
Аппараттық-бағдарламалық кешен саналатын бақылау-кассалық машиналарда 1 наурыз сағат 00:00-де өндірушілер серверінде уақыт автоматты режимде жүргізіледі.
Ал "темір" бақылау-кассалық машиналарда уақытты 29 ақпаннан кейін өз бетінше реттеуге тура келеді.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда БКМ сүйемелдеу шарттары аясында Техникалық қызмет көрсету орталықтарынан, Мемлекеттік кірістер басқармаларынан немесе байланыс-орталығынан 1414 телефон нөмірі (3) бойынша тегін кеңес алуға болады.