Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі: не істеу керек

© AFP 2024 / JEFF PACHOUDСағат
Сағат - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Жазылу
Beeline 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні өз сервистерінде уақытша кідірістер болуы мүмкін екенін ескертті
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Beeline.Қазақстан компаниясы бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезіндеде абоненттері неге дайын болуы керектігін хабарлады.
2024 жылдың 1 наурызына қараған түні Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық өңірде уақыт бір сағатқа артқа ауыстырылады.
Мобильді құрылғылардағы уақыт автоматты түрде сәйкестендіріледі. Ол үшін смартфонда, планшетте немесе смарт сағатта оператордың SIM картасы болуы керек.
"Телефон мәзіріндегі уақыт баптауын тексеруді ұсынамыз. "Автоматты уақыт белдеуі" ("Автоматический часовой пояс) функциясы қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз. Назар аударыңыз: уақытты синхрондау үшін интернет қажет емес", - делінген хабарламада.

Неге дайын болу керек

Компания 29 ақпан сағат 21:00-ден 1 наурыз сағат 9:00-ге дейін кейбір смартфондар мен басқа да мобильді құрылғыларда мобильді қызметтердің бір бөлігінде шектеулер болуы мүмкін екенін айтты. Бұл келесі қызметтерге қатысты:
балансты тексеру және толтыру;
тарифтік жоспарды өзгерту немесе ауыстыру;
"Сенімгерлік төлем" және роумингті қоса алғанда, қызметтерді ажырату және қосу;
халықаралық бағыттарға қоңырау шалу;
жаңа SIM карталарын іске қосу, нөмірді бір оператордың желісінен екіншісіне ауыстыру, нөмірді тіркеу, қайта тіркеу және құлпын ашу;
App Store және Play Market, сондай-ақ "Қазавтожолд"а жол жүру мен сатып алуды қоса алғанда, баланстан төлемдер мен сатып алулардың барлық түрі;
қосымшалар: "Менің Beeline-ым", Simply, BeeTV, hitter;
қысқа командалар, соның ішінде *102# және *802#;
байланыс орталығындағы дауыстық робот және сайттағы чатбот beeline.kz, "Менің Beeline-ым" қосымшасында, Telegram-да және басқалар.
абоненттік төлемді алу кезінде де аздап кідірістер болуы мүмкін.
Жаңалықтар
0