https://sputnik.kz/20240228/buyregin-satqysy-kelgen-aqtobelikke-qatysty-sot-ukimi-shyqty-42547008.html
Бүйрегін сатқысы келген ақтөбелікке қатысты сот үкімі шықты
Бүйрегін сатқысы келген ақтөбелікке қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Судья үкімді шығарғанда осы мәселені де ескерді 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T09:24+0500
2024-02-28T09:24+0500
2024-02-28T09:24+0500
адам ағзасы
сот
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Көкшетау қаласында бүйрегін сатқысы келген ақтөбелік сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сот материалдарына сәйкес, Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде ішкі ағзасын сатуға дайын екенін жариялады. Хабарландыруды бағаны келісуге болатынын да көрсетті. Оған полицияға ерікті түрде көмектескен адам хабарласып, бүйрегін сатып алуға келіскен. Екеуі ақшаны беретін жерді де уағдаласты. Сол кезде ішкі ағзасын сатқысы келген ер адам ұсталды.Тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Судья үкімді шығарғанда осы мәселені де ескерді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Айта кетері, бүйрегін сатқысы келген ер адам биыл қаңтардың соңында ұсталды. Ол ойынға тәуелділіктен жиналған қарыздарына байланысты осындай заңсыз әрекетке барған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адам ағзасы, сот
Бүйрегін сатқысы келген ақтөбелікке қатысты сот үкімі шықты
Тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Судья үкімді шығарғанда осы мәселені де ескерді
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Көкшетау қаласында бүйрегін сатқысы келген ақтөбелік сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сот материалдарына сәйкес, Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде ішкі ағзасын сатуға дайын екенін жариялады. Хабарландыруды бағаны келісуге болатынын да көрсетті. Оған полицияға ерікті түрде көмектескен адам хабарласып, бүйрегін сатып алуға келіскен. Екеуі ақшаны беретін жерді де уағдаласты. Сол кезде ішкі ағзасын сатқысы келген ер адам ұсталды.
Тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Судья үкімді шығарғанда осы мәселені де ескерді.
"Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушының шын жүректен өкінетінін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Оны 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Ер адам пробациялық бақылауға алынады", - делінген ресми хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, бүйрегін сатқысы келген ер адам биыл қаңтардың соңында ұсталды. Ол ойынға тәуелділіктен жиналған қарыздарына байланысты
осындай заңсыз әрекетке барған.