https://sputnik.kz/20240131/kokshetauda-oz-buyregin-satqysy-kelgen-ludoman-ustaldy--video-41936878.html
Көкшетауда өз бүйрегін сатқысы келген лудоман ұсталды – видео
Көкшетауда өз бүйрегін сатқысы келген лудоман ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Ол бір бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, интернет арқылы сатпақ болған 31.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-31T14:25+0500
2024-01-31T14:25+0500
2024-01-31T14:25+0500
бүйрек доноры
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Көкшетау қаласында өз бүйрегін сатқысы келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz Қала тұрғыны бір бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, интернет арқылы сатпақ болған. Ал рецепиент операция және ағзаны ауыстыру мәселелерін өзі шешуі тиіс еді.Танымал әлеуметтік желідегі хабарландыруды облыстық полиция департаменті де байқаған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары донормен сатып алушы ретінде сөйлесіп, бірнеше апта бойы жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ақыры онымен трансплантация жасауға және ақшаны беруге келіскен. Ал ақшаны беретін күні ұстау операциясы өтті.Тергеу кезінде ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы екені анықталды. Бірақ қазіргі кезде елордада тұрады. Ол ойынға тәуелділіктен жиналған қарыздарына байланысты осындай шешімгебарғанын ашық айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүйрек доноры
Көкшетауда өз бүйрегін сатқысы келген лудоман ұсталды – видео
Ол бір бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, интернет арқылы сатпақ болған
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Көкшетау қаласында өз бүйрегін сатқысы келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz Қала тұрғыны бір бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, интернет арқылы сатпақ болған. Ал рецепиент операция және ағзаны ауыстыру мәселелерін өзі шешуі тиіс еді.
Танымал әлеуметтік желідегі хабарландыруды облыстық полиция департаменті де байқаған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары донормен сатып алушы ретінде сөйлесіп, бірнеше апта бойы жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ақыры онымен трансплантация жасауға және ақшаны беруге келіскен. Ал ақшаны беретін күні ұстау операциясы өтті.
Тергеу кезінде ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы екені анықталды. Бірақ қазіргі кезде елордада тұрады. Ол ойынға тәуелділіктен жиналған қарыздарына байланысты осындай шешімгебарғанын ашық айтты.