АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Алматының тау бөктерінде тұрғын үй салатындар азаяр емес. Ал сарапшылар болса бұның адам өмірі үшін өте қауіпті екенін айтады. Sputnik Қазақстан тілшісі мәселенің мән-жайын зерттеп көрді.Қалтасы қалыңдар Алматының таулы аумақтарынан үй салады деген пікір қалыптасқан. Бірақ сол жер учаскелері қаншалықты қауіпсіз?Тау бөктерінде үй салған көп тұрғынның бірі – Айман. Оның мұнда тұрғанына 20 жыл болған.Айман тұрған үйінің жайсыз екенін айтады. Тіпті кір-қоңды жинап-жинап, суы бар ауылға барып жуамыз дейді."Мамырдан қазанға дейін мүлдем су жоқ. Сосын жол өте нашар. Бір көлік өткеннің өзінде жолдың шетіне қарай қашып, өткізіп барып жүреміз. Бұрын мұндай болмайтын, қазір жаяу жүрудің өзі қауіпті. Ал жер сілкінеді дегенді естіген сайын зәреміз зәр түбіне кетеді", - дейді ол.Ал Сергей Иваненконың таулы беткейді паналап тұрғанына 10 жылдан асқан."Алдында топырақ көшіп, бір отбасыопат болғанын естідік. Бұл техникалық қателік, дұрыс емес жерден ешбір талапқа сай салынбаған үй болуы мүмкін. Негізі бұл аудандағы жағдай осыдан он жыл бұрын дәл осындай болған, әлі сол жағдай. Су жоқ, жолдың түрі мынау. Тауға үй салатындар саны тым көбейіп кетті. Негізі саяжай үшін рұқсат берілгенімен, кейін бірнеше қабатты тұрғын үйлер қаптап кетті, әрқайсысында үлкен бассейн бар. Судың шығыны көп", - дейді Сергей Иваненко.Оның айтуынша, тауға салынған үйлерге қатаң талап қою керек.Жол демекші, мұндағы жолдардан бір-біріне қарсы жүрген көлік өте алмайды, ал жаяу жүргінші жолы туралы айтудың өзі артық.Қазіргі күні Алматының тау бөктерінде ине шаншар орын жоқ. Ал көпқабатты құрылыс болса саңырауқұлақша қаптап барады.Еске сала кетейік, Алматының таулы аумағында үй салған отбасының 4 мүшесі топырақ астында қалды. Ал жан-жағындағы құрылыс сол көшкіннен әлі күнге тазартылып жатыр.Қауіпсіздігін ойлаған адам көшу керекБұл аумақта кейбір тұрғындар коттеджге деп жер сатып алады, ал іс жүзінде көппәтерлі үй салады.Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин әкімдік тауға ауыртпалық түсірген құрылыстың заңдылығын тексеруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.Ал белгілі қазақстандық сәулетші Алмас Ордабаев тау бөктерінде құрылыс салуға болмайтынын айтады."Алматыдағы тау бөктері жұмсақ жыныстар қабатынан түзілген. Бұл өте нашар топырақ, борпылдақ және саздақ. Мұндай топырақ қабаты құрғақ кезде бір қабатты үйлерді көтеріп тұрғанымен, егер су кеуекті қабаттарға енсе, жер жылжи бастайды. Жер сілкінісі кезінде қауіп екі есе, тіпті үш есе артады", - деп түсіндірді сәулетші.Сәулетшінің айтуынша, мұндай әлсіз топырақтарда құрылыссалар кезінде тірек қабырғаларын тұрғызу керек, тік жерлерді сырғып кетпес үшін қабырғалармен нығайту керек. Сондай-ақ үйдің астына су кіріп кетпеу үшін таулы арналар жасап, ғимараттан су бұрып, арықтар салу керек.Қазақстан құрылысшылар одағы Алматы филиалының директоры Тимур Нұртаев тау бөктерінде топырақ бетін қатты бұзбайтын жеңіл ағаш үйлер ғана салуға болады дейді. Оның айтуынша, Алматыда тұрғын үй кешендерінің құрылысы, жеке үйлер мен коттедждердің құрылысы қадағаланбайды.Оның айтуынша, тұрғындар мемлекет бұл үйлерді заңдастырады деген үмітпен жеке үйлерді сараптамасыз және нормаларды сақтамай сала береді."Жеке үйлердің көптігіне байланысты қала құрылысын бақылау басқармасының (ГАСК) инспекторлары мұндай құрылыстарды бақылауда ұстай алмайды. Әр түрлі аудандарда бекітілген инспекторлар бар, бірақ олардың саны аз. Барлығын бақылау өте қиын, іс жүзінде мүмкін емес. Бірақ бақылау қажет. ГАСК жеке сектордағы құрылыс туралы білмеуі мүмкін", – дейді ол.Сондықтан сарапшы Алматыда заңсыз құрылысты тиімді бақылау үшін заманауи технологияларды, дрондарды қолдану қажет деп санайды.Сарапшылардың пікірінше, тау беткейінде үй салу өте қымбат. Жеке басының қауіпсіздігін ойлаған тұрғын не көшу керек, не болмаса кәсіби құрылыс компанияларымен келісіп, баспанасын барынша сапалы етіп салу керек.15 градус және одан да тік құзды алаңдарға таунхаус салуға рұқсат берілмейді: іс жүзінде қалай?Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша 2022 жылдан бастап көлбеу беткейі 15 градустан асатын учаскелерде таунхаус салуға тыйым салынды."Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде 54 заңсыз құрылыс анықталып, соттарға 45 талап қойылды, оның 31-і қаланың пайдасына қанағаттандырылды, 4 талап қаралып жатыр. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыз дайындалып жатыр", - деді Ерболат Досаев.Алайда әкім сөзін елеп жатқандар шамалы. 15 градустан жоғары беткейлерде құрылысқа тыйым салынғанына қарамастан, тау беткейі мен жар шетіне салынып жатқан үйлер аз емес.Медеу ауданы тұрғындарының айтуынша, құрылыс салушылар жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді сатып алып, іс жүзінде көппәтерлі үйлер салады. Сондықтан тұрғындар әкімнен Алматының таулы беткейлеріндегі учаскелерге аудит жүргізуді сұрады.Көшкін жүру қаупі бар аумақта 252 нысан орналасқанЖалпы Алматы облысында топырақ көшу қаупі жоғары аумақта 252 нысан орналасқан."Шағын көлемді топырақ массалары құлап, кейде ауқымды көшкіндер де болып жатыр. 1887 және 1911 жылдары жер сілкіністерінен кейін Іле Алатауында көлемі бірнеше, тіпті ондаған миллион текше метрлік көшкіндер болды. Сондай-ақ 2018 жылы сәуірде Көлсай өзенінің бассейнінде алып консеквентті типтегі көшкін болды. Жалпы Алматы облысының аумағында 195 көшкін-қауіпті учаске бар, бұл аумақта 252 нысан орналасқан", - дейді "Қазселденқорғау" ММ.Ведомствоның айтуынша, соңғы жылдары таулы аумақтардағы көшкін процестерінің жандануы табиғи және техногендік факторларға байланысты болып отыр."Қазіргі уақытта төмен таулы және орта таулы аумақтарда құрылыс нормалары мен талаптар сақталмайды. Тұрғын үйлер мен басқа да объектілердің қарқынды хаотикалық құрылысы, су құбыры желілерінің құрылысы, көшкін қаупі мен үйінділердің түсу қаупі есепке алынбайды. Беткейлерді қазып, оларға шамадан тыс салмақ түсетінін ескермей жасап жатыр", - дейді "Қазселденқорғау"мекемесінің мамандары.
Алматыдағы тау бөктері жұмсақ жыныстар қабатынан түзілген. Мұндай топыраққа су сіңсе, жер жылжи бастайды, дейді мамандар
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Алматының тау бөктерінде тұрғын үй салатындар азаяр емес. Ал сарапшылар болса бұның адам өмірі үшін өте қауіпті екенін айтады. Sputnik Қазақстан тілшісі мәселенің мән-жайын зерттеп көрді.
Қалтасы қалыңдар Алматының таулы аумақтарынан үй салады деген пікір қалыптасқан. Бірақ сол жер учаскелері қаншалықты қауіпсіз?
Тау бөктерінде үй салған көп тұрғынның бірі – Айман. Оның мұнда тұрғанына 20 жыл болған.
"Алғаш біз келгенде жер учаскесі арзан болды, өйткені саяжай болған. Қазіргі күні мұнда жайсыз, қалтарыстағы алақандай жер телімі ең арзан дегенде 10 млн теңгетұрады", - дейді ол.
Айман тұрған үйінің жайсыз екенін айтады. Тіпті кір-қоңды жинап-жинап, суы бар ауылға барып жуамыз дейді.
"Мамырдан қазанға дейін мүлдем су жоқ. Сосын жол өте нашар. Бір көлік өткеннің өзінде жолдың шетіне қарай қашып, өткізіп барып жүреміз. Бұрын мұндай болмайтын, қазір жаяу жүрудің өзі қауіпті. Ал жер сілкінеді дегенді естіген сайын зәреміз зәр түбіне кетеді", - дейді ол.
Ал Сергей Иваненконың таулы беткейді паналап тұрғанына 10 жылдан асқан.
"Алдында топырақ көшіп, бір отбасыопат болғанын естідік. Бұл техникалық қателік, дұрыс емес жерден ешбір талапқа сай салынбаған үй болуы мүмкін. Негізі бұл аудандағы жағдай осыдан он жыл бұрын дәл осындай болған, әлі сол жағдай. Су жоқ, жолдың түрі мынау. Тауға үй салатындар саны тым көбейіп кетті. Негізі саяжай үшін рұқсат берілгенімен, кейін бірнеше қабатты тұрғын үйлер қаптап кетті, әрқайсысында үлкен бассейн бар. Судың шығыны көп", - дейді Сергей Иваненко.
Оның айтуынша, тауға салынған үйлерге қатаң талап қою керек.
"Қазіргі күні мұндағы жер учаскесінің бір сотық орташа есеппен 10 мың доллар. Тауда салынған көпқабатты үйлердің бәрін сүру керек, талапты қатаңдату керек. Өйткені тауды жағалай бірнеше қабатты тұрғын үйлер салып тастаған. Ол төмендегі үйлерге қауіп төндіреді", - дейді Сергей Иваненко.
Жол демекші, мұндағы жолдардан бір-біріне қарсы жүрген көлік өте алмайды, ал жаяу жүргінші жолы туралы айтудың өзі артық.
Қазіргі күні Алматының тау бөктерінде ине шаншар орын жоқ. Ал көпқабатты құрылыс болса саңырауқұлақша қаптап барады.
Еске сала кетейік, Алматының таулы аумағында үй салған отбасының 4 мүшесі топырақ астында қалды. Ал жан-жағындағы құрылыс сол көшкіннен әлі күнге тазартылып жатыр.
Қауіпсіздігін ойлаған адам көшу керек
Бұл аумақта кейбір тұрғындар коттеджге деп жер сатып алады, ал іс жүзінде көппәтерлі үй салады.
Ал белгілі қазақстандық сәулетші Алмас Ордабаев тау бөктерінде құрылыс салуға болмайтынын айтады.
"Алматыдағы тау бөктері жұмсақ жыныстар қабатынан түзілген. Бұл өте нашар топырақ, борпылдақ және саздақ. Мұндай топырақ қабаты құрғақ кезде бір қабатты үйлерді көтеріп тұрғанымен, егер су кеуекті қабаттарға енсе, жер жылжи бастайды. Жер сілкінісі кезінде қауіп екі есе, тіпті үш есе артады", - деп түсіндірді сәулетші.
Сәулетшінің айтуынша, мұндай әлсіз топырақтарда құрылыссалар кезінде тірек қабырғаларын тұрғызу керек, тік жерлерді сырғып кетпес үшін қабырғалармен нығайту керек. Сондай-ақ үйдің астына су кіріп кетпеу үшін таулы арналар жасап, ғимараттан су бұрып, арықтар салу керек.
Қазақстан құрылысшылар одағы Алматы филиалының директоры Тимур Нұртаев тау бөктерінде топырақ бетін қатты бұзбайтын жеңіл ағаш үйлер ғана салуға болады дейді. Оның айтуынша, Алматыда тұрғын үй кешендерінің құрылысы, жеке үйлер мен коттедждердің құрылысы қадағаланбайды.
"Мен Алматы тау бөктеріне барғанымда, мені үрей биледі. Адамдар 4-5 қабатты үйлерді саздақ топырақтарда салып алған. Ерте ме, кеш пе, мысалы, қатты жауын-шашын немесе қар еріген кезде бұл ғимараттар "жылжып кетеді". Ал егер ғимарат жоғарғы жағында тұрса, ол төменгі жағында тұрғандарға үлкен қауіп төндіреді", - дейді Тимур Нұртаев.
Оның айтуынша, тұрғындар мемлекет бұл үйлерді заңдастырады деген үмітпен жеке үйлерді сараптамасыз және нормаларды сақтамай сала береді.
"Жеке үйлердің көптігіне байланысты қала құрылысын бақылау басқармасының (ГАСК) инспекторлары мұндай құрылыстарды бақылауда ұстай алмайды. Әр түрлі аудандарда бекітілген инспекторлар бар, бірақ олардың саны аз. Барлығын бақылау өте қиын, іс жүзінде мүмкін емес. Бірақ бақылау қажет. ГАСК жеке сектордағы құрылыс туралы білмеуі мүмкін", – дейді ол.
Сондықтан сарапшы Алматыда заңсыз құрылысты тиімді бақылау үшін заманауи технологияларды, дрондарды қолдану қажет деп санайды.
Сарапшылардың пікірінше, тау беткейінде үй салу өте қымбат. Жеке басының қауіпсіздігін ойлаған тұрғын не көшу керек, не болмаса кәсіби құрылыс компанияларымен келісіп, баспанасын барынша сапалы етіп салу керек.
15 градус және одан да тік құзды алаңдарға таунхаус салуға рұқсат берілмейді: іс жүзінде қалай?
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша 2022 жылдан бастап көлбеу беткейі 15 градустан асатын учаскелерде таунхаус салуға тыйым салынды.
"Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде 54 заңсыз құрылыс анықталып, соттарға 45 талап қойылды, оның 31-і қаланың пайдасына қанағаттандырылды, 4 талап қаралып жатыр. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыз дайындалып жатыр", - деді Ерболат Досаев.
Алайда әкім сөзін елеп жатқандар шамалы. 15 градустан жоғары беткейлерде құрылысқа тыйым салынғанына қарамастан, тау беткейі мен жар шетіне салынып жатқан үйлер аз емес.
Медеу ауданы тұрғындарының айтуынша, құрылыс салушылар жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді сатып алып, іс жүзінде көппәтерлі үйлер салады. Сондықтан тұрғындар әкімнен Алматының таулы беткейлеріндегі учаскелерге аудит жүргізуді сұрады.
Көшкін жүру қаупі бар аумақта 252 нысан орналасқан
Жалпы Алматы облысында топырақ көшу қаупі жоғары аумақта 252 нысан орналасқан.
"Шағын көлемді топырақ массалары құлап, кейде ауқымды көшкіндер де болып жатыр. 1887 және 1911 жылдары жер сілкіністерінен кейін Іле Алатауында көлемі бірнеше, тіпті ондаған миллион текше метрлік көшкіндер болды. Сондай-ақ 2018 жылы сәуірде Көлсай өзенінің бассейнінде алып консеквентті типтегі көшкін болды. Жалпы Алматы облысының аумағында 195 көшкін-қауіпті учаске бар, бұл аумақта 252 нысан орналасқан", - дейді "Қазселденқорғау" ММ.
Ведомствоның айтуынша, соңғы жылдары таулы аумақтардағы көшкін процестерінің жандануы табиғи және техногендік факторларға байланысты болып отыр.
"Қазіргі уақытта төмен таулы және орта таулы аумақтарда құрылыс нормалары мен талаптар сақталмайды. Тұрғын үйлер мен басқа да объектілердің қарқынды хаотикалық құрылысы, су құбыры желілерінің құрылысы, көшкін қаупі мен үйінділердің түсу қаупі есепке алынбайды. Беткейлерді қазып, оларға шамадан тыс салмақ түсетінін ескермей жасап жатыр", - дейді "Қазселденқорғау"мекемесінің мамандары.