https://sputnik.kz/20240208/almatyda-turgyn-uylerge-lay-koshkini-tusti-42143648.html
"Үйінді астынан 4 адам іздестіріліп жатыр": Алматыда тауда лай көшкіні жүрді
"Үйінді астынан 4 адам іздестіріліп жатыр": Алматыда тауда лай көшкіні жүрді
Sputnik Қазақстан
Тұрғын үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған 08.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-08T06:53+0500
2024-02-08T06:53+0500
2024-02-08T07:39+0500
алматы
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42143224_0:110:1156:760_1920x0_80_0_0_db66ba5436aa830ae3e7e1f10ceef04d.jpg
АСТАНА, 8 ақпан - Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.Оқиға туралы ақпарат 8 ақпанда сағат 02.20-да келіп түскен.Министрліктің мәліметінше, суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін көлемі 3200 текше метр болатын лай көшкіні жүрген. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.Көмекке"Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 техника жұмылдырылды.Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатып жатыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42143224_0:1:1156:868_1920x0_80_0_0_30cb2521645cd53ba4c72a81a0156dc5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, төтенше жағдай
"Үйінді астынан 4 адам іздестіріліп жатыр": Алматыда тауда лай көшкіні жүрді
06:53 08.02.2024 (жаңартылды: 07:39 08.02.2024) Тұрғын үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған
АСТАНА, 8 ақпан - Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға туралы ақпарат 8 ақпанда сағат 02.20-да келіп түскен.
Министрліктің мәліметінше, суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін көлемі 3200 текше метр болатын лай көшкіні жүрген. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.
Көмекке"Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 техника жұмылдырылды.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.
Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатып жатыр.