Алматы ауруханасында ВИЧ жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЛаборатория иммуноферментных исследований, где проходит исследование крови на инфекции, архивное фото
Лаборатория иммуноферментных исследований, где проходит исследование крови на инфекции, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Жазылу
Тексеріс қорытындысы құзырлы органдарға жолданған
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Алматының орталық клиникалық ауруханасында пациенттердің АИТВ (ВИЧ) жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Бас дәрігер мен оның ауруханадағы эпидемиологиялық жағдайға жауапты орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды КТК.
Ал ота жасау кезінде стандартың сақталуын қадағаламаған екі мейірбикеге тәртіптік жаза қолданыпты. Тексеріс қорытындысы құзырлы органдарға жолданған.
"Былтыр шілде айында Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Тексеру жүргізген комиссия бұл сұмдық жағдай орта медперсоналдың инвазивті манипуляция жүргізу кезінде операциялық процедура стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылау болмауымен байланысты деген қорытындыға келді", - дейді денсаулық сақтау министрлігі, санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов.
Қазір АИТВ инфекция жұқтырған үш пациент СПИД орталықта диспансерлік есепте тұр. Сондай-ақ жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілген. Оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажет медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Денсаулық
Алматыда үш пациент ВИЧ жұқтырды: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді
Жаңалықтар
0