Денсаулық

Алматыда үш пациент ВИЧ жұқтырды: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
Эпидемиологиялық тергеу қорытындысы бойынша ауруханада үш науқастың ВИЧ жұқтыруы адами фактормен байланысты
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматыда орталық қалалық клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тергеу аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Эпидемиологиялық тергеу барысында 745 адам тексерілді. Олардың арасында 118 қан доноры, 231 медицина қызметкері, ауруханаға жүгінген немесе стационарлық ем қабылдаған 396 пациент бар. Барлығының нәтижесі теріс шықты.
"Комиссия мүшелері клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ жұқтыруы адами фактормен, атап айтқанда, орта медперсоналдың жекелеген қызметкерлерінің инвазивті манипуляциялар жүргізу кезінде операциялық процедура стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылау болмауымен байланысты деген қорытындыға келді. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті жүйелі бұзу фактілері анықталған жоқ", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ВИЧ-инфекция жұқтырған үш пациент СПИД орталыққа диспансерлік есепке қойылды. Сондай-ақ жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді, оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Осы оқиғаға байланысты комиссия қорытындысы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н.Б.Табынбаев жұмыстан шеттетілді.
Ал бас дәрігердің эпидемиология бойынша орынбасары, реанимация меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі теріс себептермен жұмыстан шығарылды.
Комиссия жұмысының қорытындысы бар анықтама материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау және әрбір жауапты тұлғаның жауапкершілік шарасын одан әрі айқындау үшін қалалық полиция департаментіне жіберілді.
Департаменттің ақпаратынша, бүгінде Алматының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында диспансерлік есепте АИТВ диагнозымен 4 429 адам тұр. 2022 жылы қалада ВИЧ жұқтырған 499 тұрғын анықталды.
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Досаев Алматыдағы ауруханада ВИЧ жұқтыру оқиғасына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0