Досаев Алматыдағы ауруханада ВИЧ жұқтыру оқиғасына қатысты пікір білдірді

© Sputnik/Ертай СарбасовЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев орталық клиникалық ауруханада үш адамның ВИЧ жұқтыруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Медеу ауданының тұрғындарымен болған кездесу кезінде қаладағы жаға ұстатарлық оқиғаны тергеу мәселесі қозғалды. Қала әкімі асығыстық жасамау қажеттігін ерекше атап өтті. Қазіргі кезде жан-жақты тергеу шаралары басталып кетті.
"Бекітілген регламент бойынша қалалық ЖИТС орталығымен бірлескен жұмыс атқарылды. Барлық жан сақтау бөлімінде болған реципиенттер, медицина қызметкерлері мен науқастардың барлығы тексерілді. Осыдан кейін 13-і күні тәртіпке сәйкес барлық материал Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді", - деді Досаев.
Оның айтуынша, 14 маусымда санитарлық-эпидемиологиялық станция қажетті тексерістерді өткізуге шешім қабылдады. Қазіргі кезде осы шаралар атқарылып жатыр.
Әкімге жауапты адамдарды жазаға тартуға қатысты сұрақ та қойылды. Себебі қоғамдық денсаулық басқармасы болсын, аурухана болсын, әлі күнге дейін ешкімді жұмыстан шеттеткен жоқ. Досаев осы оқиғаға кінәлі барлық адамның жауапқа тартылатынына сендірді.
Айта кетері, 14 маусымда Алматыдағы ЖИТС орталығының мамандары айдың басында орталық клиникалық ауруханада емделіп жүрген үш адамның сынамасы ВИЧ-ке оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Сол күні денсаулық сақтау министрлігі тексерісті бастады.
Тест на ВИЧ - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Алматыда науқастар ВИЧ жұқтырды: 600-ге жуық адам тексерілді
Жаңалықтар
0