Спорт

Астанадағы қысқы триатлон: ауа райына байланысты жарыс уақыты өзгерді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2024
Жазылу
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Астанада 18 ақпан сағат 12.00-де Триатлон саябағында қысқы триатлоннан жарыс өтеді. Оған кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық триатлон федерациясының ақпаратынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс уақыты өзгерді.
Қатысушылар сағат 11.00-де жиналады, ал жарыс сағат 12.00-де басталады.
Турнир қашықтыққа бөлінген маршрут бойынша жас санаттарын ескере отырып өткізіледі:
жүгіру кезеңі – 2,5 км;
велосипед кезеңі – 3 км;
шаңғы кезеңі – 2,5 км.
Жарысқа қатысушының велосипед шлемі, велосипеді және шаңғы жарысы жиынтығы болуға тиіс.
Мәреге жеткен әрбір қатысушы финишер медалін алады. Әр санат бойынша жеңімпаздар бүкіл қашықтықты еңсеруге жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Бойжеткен Қазақстанның туын ұстап тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Спорт
Спорт министрлігі 2024 жылдың негізгі жарыстарын жариялады
Жаңалықтар
0