https://sputnik.kz/20240105/sport-ministrligi-2024-zhyldyn-negizgi-zharystaryn-zhariyalady-41373233.html
Спорт министрлігі 2024 жылдың негізгі жарыстарын жариялады
Спорт министрлігі 2024 жылдың негізгі жарыстарын жариялады
Sputnik Қазақстан
Биылғы жылдың басты додасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді 05.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-05T20:30+0500
2024-01-05T20:30+0500
2024-01-05T20:30+0500
спорт
олимпиада ойындары
жарыс
https://sputnik.kz/img/155/27/1552756_0:57:1100:676_1920x0_80_0_0_2280634c34e5ccda2ef9befb86de39af.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі жаңа жылда өтетін негізгі спорт жарыстарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Екі аптадан кейін Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталады. Оған Қазақстан спортшылары да қатысады. Қазіргі кезде ел құрамасында 5 спорт түрінен 30 жолдама бар. Олимпиада 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.Биылғы жылдың басты оқиғасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары. 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен жарысқа түседі. Бүгінгі таңда жерлестерімізде спорттың 8 түрінен (садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек-рим күресі, еркін күрес, спорттық гимнастика және бокс) 17 лицензия бар. Алда әлі 90-ға жуық лицензиялық жарыс күтіп тұр. Сондықтан жолдамалар саны әлі де көбеюі мүмкін.Қазақстан үшін жылдың маңызды тарихи оқиғасы – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Жарыс алғаш рет Астанада ұйымдастырылады.Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар келеді деген жоспар бар. Бағдарламаға 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі (ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құстармен аң аулау түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар) кіріп отыр. 110 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өтеді.Бұдан бөлек, Астанада әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Әлем чемпионы атанған боксшы 200 000 АҚШ долларын алады.Сондай-ақ 2024 жылдың қарашасында Астана қаласында самбодан әлем чемпионатын өткізу жоспарланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/155/27/1552756_62:0:1039:733_1920x0_80_0_0_1cc911507000bf4208ea20ea6a821aba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада ойындары, жарыс
олимпиада ойындары, жарыс
Спорт министрлігі 2024 жылдың негізгі жарыстарын жариялады
Биылғы жылдың басты додасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі жаңа жылда өтетін негізгі спорт жарыстарын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Екі аптадан кейін Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталады. Оған Қазақстан спортшылары да қатысады. Қазіргі кезде ел құрамасында 5 спорт түрінен 30 жолдама бар. Олимпиада 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.
Биылғы жылдың басты оқиғасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары. 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен жарысқа түседі. Бүгінгі таңда жерлестерімізде спорттың 8 түрінен (садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек-рим күресі, еркін күрес, спорттық гимнастика және бокс) 17 лицензия бар. Алда әлі 90-ға жуық лицензиялық жарыс күтіп тұр. Сондықтан жолдамалар саны әлі де көбеюі мүмкін.
Қазақстан үшін жылдың маңызды тарихи оқиғасы – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Жарыс алғаш рет Астанада ұйымдастырылады.
Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар келеді деген жоспар бар. Бағдарламаға 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі (ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құстармен аң аулау түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар) кіріп отыр. 110 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өтеді.
Бұдан бөлек, Астанада әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Әлем чемпионы атанған боксшы 200 000 АҚШ долларын алады.
Сондай-ақ 2024 жылдың қарашасында Астана қаласында самбодан әлем чемпионатын өткізу жоспарланған.