Мұхамедиұлының жаза мерзімі үш жылға ұзартылды, әйелі мен адвокаты да сотталды

© Photo : пресс-служба правительства РК Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Жазылу
Экс-министрдің адвокаты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жазаның мерзімін тағы үш жылға ұзартуға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тергеу материалына сәйкес, Мұхамедиұлы 2022 жылдың соңында Астана қаласының тергеу изоляторында отырғанда қамаудан шығып, "Дипломат" қонақ үйін ұстап қалғысы келген. Ол үшін адвокаты арқылы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталған. Ал әйелін делдал ретінде тартқан.
Сол жылы желтоқсан айында экс-министрдің әйелі дәмханада авдокатпен кездесіп, қонақ үй мәселесін шешу үшін 140 мың АҚШ долларын өз қолымен берген. Ал бір айдан кейін өз көлігінде Мұхамедиұлына қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін 120 мың АҚШ долларын тапсырған. 2023 жылдың сәуір айында жазаны жеңілдету үшін жүргізуші арқылы адвокатқа тағы 100 мың доллар беріп жіберіпті. Онымен пара беру тоқтамаған. Маусым айында экс-министрдің әйелі туған ұлы арқылы адвокатқа 27 млн теңге және 40 мың АҚШ долларын берген. Ал заңгер ақшаны өз қалауы бойынша жұмсап тастаған.
Сот үкімімен Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Былтыр экс-министр 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Судья осыны ескере отырып, оны 11 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.
Мұхамедиұлының жұбайы 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал экс-министрдің адвокаты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0