Ақтөбеде жүкті әйелдер перзентханаға арнайы техникамен жеткізілді

© Photo : Рixabay/CparksБеременность, иллюстративное фото
Беременность, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 ақпан - Sputnik. Ақтөбеде үш бірдей жүкті әйел перезентханаға арнайы техникамен жеткізілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Авариялық-құтқару жұмыстарын атқару барысында қар құрсауында қалып қойған айы-күні жетіп отырған 3 жүкті әйелді құтқарушылар ауылдан ауруханаға жеткізді", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Жүкті әйелдерге төтенше жағдайлар саласының мамандары Данарбек Иманғазин, Қаршыга Шүленбаев, Нұржан Жүсүпов, Айқын Оңалбаев көмектескен.
Айта кетейік, бұған дейін қарлы боранда қалған көліктерден 7 жүкті әйел құтқарылған болатын.
Ночной снегопад в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2024
Ақтөбе облысында қар омбылап көмекке барған фельдшерлер марапатталды
Жаңалықтар
0