https://sputnik.kz/20240211/aqtobe-oblysynda-qar-ombylap-komekke-bargan-feldsherler-marapattaldy-42206793.html
Ақтөбе облысында қар омбылап көмекке барған фельдшерлер марапатталды
Ақтөбе облысында қар омбылап көмекке барған фельдшерлер марапатталды
Sputnik Қазақстан
Жедел жәрдем көлігі қалың қарға батып қалып, фельшерлер әрі қарай науқасқа жаяулап жетеді 11.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-11T08:34+0500
2024-02-11T08:34+0500
2024-02-11T11:35+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/1235/03/12350304_0:51:1200:726_1920x0_80_0_0_ac50f676dd36866c6048a56c69f200de.jpg
АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров науқасқа көмек көрсету үшін қар омбылап жеткен фельдшерлерді марапаттады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.Ақтөбе облысының әкімі Хромтау ауданына сапарында қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерге алғыс білдірді. Бауыржан Құдияров, Сая Рысбай, Қайрат Төлеуге алғыс хат табыстады. Адамдардың өмірін сақтап қалуды көздеген мамандардың еңбегі міндетті түрде еленетінін жеткізді."Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желіде түсірген видеомыз тарап кеткен", - дейді фельдшер Бауыржан Құдияров.Еске салсақ, 7 ақпанда Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері жүрегі сыр берген науқасқа көмек көрсету үшін жолға шығады. Жарты жолда жедел жәрдем көлігі қалың қарға батып, олар әрі қарай жаяу жүруге мәжбүр болды. Осы аралықта омбылап, жылдам жету қиындағанын көрсету үшін аға фельдшер жағдайды видеоға түсіріп, оны дәлел ретінде ұсынды. Кейін бұл видео желіге тарап кетіп, жұртшылықты тәнті етті.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1235/03/12350304_84:0:1117:775_1920x0_80_0_0_58c1a78130efa8688703e5fad2a83ad4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында қар омбылап көмекке барған фельдшерлер марапатталды
08:34 11.02.2024 (жаңартылды: 11:35 11.02.2024) Жедел жәрдем көлігі қалың қарға батып қалып, фельшерлер әрі қарай науқасқа жаяулап жетеді
АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров науқасқа көмек көрсету үшін қар омбылап жеткен фельдшерлерді марапаттады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысының әкімі Хромтау ауданына сапарында қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерге алғыс білдірді. Бауыржан Құдияров, Сая Рысбай, Қайрат Төлеуге алғыс хат табыстады. Адамдардың өмірін сақтап қалуды көздеген мамандардың еңбегі міндетті түрде еленетінін жеткізді.
"Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желіде түсірген видеомыз тарап кеткен", - дейді фельдшер Бауыржан Құдияров.
Еске салсақ, 7 ақпанда Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері жүрегі сыр берген науқасқа көмек көрсету үшін жолға шығады. Жарты жолда жедел жәрдем көлігі қалың қарға батып, олар әрі қарай жаяу жүруге мәжбүр болды. Осы аралықта омбылап, жылдам жету қиындағанын көрсету үшін аға фельдшер жағдайды видеоға түсіріп, оны дәлел ретінде ұсынды. Кейін бұл видео желіге тарап кетіп, жұртшылықты тәнті етті.