https://sputnik.kz/20240208/qayrat-satybaldy-memleketke-tagy-446-mlrd-tengeni-qaytardy-42145620.html
Қайрат Сатыбалдыұлының тағы 44,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды
Қайрат Сатыбалдыұлының тағы 44,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Қосымша қаражат жыл басынан бері өндірілді 08.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-08T08:49+0500
2024-02-08T08:49+0500
2024-02-08T09:03+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:117:4990:2923_1920x0_80_0_0_3ed324ecf858ed2918d096cef0eac3b4.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істер бойынша тағы қыруар қаржы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Ресми мәліметке сәйкес, қосымша қаражат жыл басынан бері өндірілді.Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.Айта кетері, бұған дейін антикор Сатыбалдының мемлекетке 650 млрд теңгені ($1,45 млрд) қайтарғанын хабарлаған. Ол қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз іс-әрекеттерден түскен пайдаға сан алуан мүлік сатып алған. Ал ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банк шоттарына салған.Сондай-ақ салықтан жалтару фактісі бойынша Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20240110/qayrat-satybaldy-memleketke-650-mlrd-tengeni-qaytardy-41467846.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:581:4330:3828_1920x0_80_0_0_91696c9931b4d867e7a8b0d03d57f5c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Қайрат Сатыбалдыұлының тағы 44,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды
08:49 08.02.2024 (жаңартылды: 09:03 08.02.2024) Қосымша қаражат жыл басынан бері өндірілді
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істер бойынша тағы қыруар қаржы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, қосымша қаражат жыл басынан бері өндірілді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көмегімен Қ. Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.
Айта кетері, бұған дейін антикор Сатыбалдының мемлекетке 650 млрд теңгені ($1,45 млрд) қайтарғанын хабарлаған. Ол қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз іс-әрекеттерден түскен пайдаға сан алуан мүлік сатып алған. Ал ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банк шоттарына салған.
Сондай-ақ салықтан жалтару фактісі бойынша Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.