https://sputnik.kz/20240110/qayrat-satybaldy-memleketke-650-mlrd-tengeni-qaytardy-41467846.html
Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 млрд теңгені қайтарды
Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 млрд теңгені қайтарды
Sputnik Қазақстан
Сот Қайрат Сатыбалдыұлын шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты 10.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-10T12:43+0500
2024-01-10T12:43+0500
2024-01-10T12:43+0500
назарбаев
https://sputnik.kz/img/583/89/5838901_0:443:5563:3572_1920x0_80_0_0_c218ce65abf2a0ffb0a4ac1c45db572e.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президентінің немере інісі Қайрат Сатыбалдымемлекетке 650 млрд теңгені ($1,45 млрд) қайтарды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ресми мәліметке сәйкес, Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз іс-әрекеттерден түскен пайдаға сан алуан мүлік сатып алған. Ал ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банк шоттарына салған. Қазіргі кезде бұл қылмыстық іс сотқа жолданды.Алдымен агенттіктің ресми өкілі мемлекетке 850 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдеді. Артынан бұл соманы түзетіп, 650 млрд теңге қайтқанын жеткізді.Айта кетері, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2022 жылы 6 жылға сотталды. Сот оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/583/89/5838901_104:0:5459:4016_1920x0_80_0_0_d7b257d73c68769005f89ea87d68e585.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев
Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 млрд теңгені қайтарды
Сот Қайрат Сатыбалдыұлын шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президентінің немере інісі Қайрат Сатыбалдымемлекетке 650 млрд теңгені ($1,45 млрд) қайтарды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз іс-әрекеттерден түскен пайдаға сан алуан мүлік сатып алған. Ал ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банк шоттарына салған. Қазіргі кезде бұл қылмыстық іс сотқа жолданды.
"Сондай-ақ салықтан жалтару фактісі бойынша Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деді Тілеукенов бүгінгі брифингте.
Алдымен агенттіктің ресми өкілі мемлекетке 850 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдеді. Артынан бұл соманы түзетіп, 650 млрд теңге қайтқанын жеткізді.
Айта кетері, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2022 жылы 6 жылға сотталды. Сот оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.