Алматыдағы лай көшкіні: қалалық төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеме жасады

© Photo : ДЧС АлматыАлматыда тұрғын үйлерді лай көшкіні басып қалды
Алматыда тұрғын үйлерді лай көшкіні басып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
Төтенше жағдайлар қызметі лай көшкіні қайталанбайтынын мәлімдеді
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Алматыда лай көшкінінен зардап шеккен үйдің көршілеріне қауіп төніп тұрған жоқ, көшкін қайталанбайды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, оның құрамына төтенше жағдайлар департаменті, "Қазақселқорғау" және қала әкімдігінің мамандары кірген. Негізгі мақсат - қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін еңіс аймағын зерттеу.
"Комиссия еңісті зерттеу нәтижелері бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін қайталанатын сел түріндегі қауіп жоқ деген қорытындыға келді. Осылайша, мамандардың айтуынша, 8 ақпанда 3000 текше метрден астам лай көшкіні жүрген", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 8 ақпан күні таңертең Алматыда лай көшкінінен үйінді астында қалған төрт адамның денесі табылды. Үйінді астынан құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған егіз жасөспірімнің денесін тауып алып шықты.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин тауға салмақ түсіруі мүмкін үйлердің заңдылығын әкімдік тексеретінін айтты.
"Жеке сектордағы көптеген таратушы торап стандарттарға сай емес. Бұл мәселені жақын арада шешу үшін өткен жылы біз таратушы тораптарды салу жобасын әзірлеуді бастадық. "Балқаш" су көзін көрсеттік, жаңа ұңғымалар – бұл бірінші кезең. Екінші кезең – таратушы тораптарды салу және сумен жабдықтаумен қатар кәріз желілерін салу процесі. Өйткені таулы аймақтарда мұндай топырақтарда септиктерді пайдаланатын жеке үйлер қауіпсіз емес", - деді Еркебұлан Оразалин.
Үйінділерді тазалау жұмыстары жалғасуда. Лайдың арасынан өткір заттар, әйнектер және арматуралар шығып жатыр, бұл жұмысты қиындатқан.
Найдены тела всех погибших из-за оползня в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Алматыда лай көшкінінен үйінді астында қалған төрт адамның денесі табылды
Жаңалықтар
0