https://sputnik.kz/20240208/almatyda-lay-koshkininen-uyindi-astynda-qalgan-tort-adamnyn-denesi-tabyldy-42155370.html
Алматыда лай көшкінінен үйінді астында қалған төрт адамның денесі табылды
Алматыда лай көшкінінен үйінді астында қалған төрт адамның денесі табылды
Sputnik Қазақстан
Үйінді астынан құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жасөспірімнің денелерін тауып алып шықты 08.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-08T12:06+0500
2024-02-08T12:06+0500
2024-02-08T12:34+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42155647_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5101c940dadb347e50a1092dd1b912f0.jpg
АСТАНА, 8 ақпан - Sputnik. Алматыда лай көшкінінен үйінді астында қалған төрт адамның барлығының денесі табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Үйінді астынан құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жасөспірімнің денелерін тауып алып шықты.Бұған дейін марқұмдардың көршілері қираған үйде төрт адам тұрғанын, олардың екеуі ересек, ал екеуі жасөспірім егіз бала екенін айтқан болатын.Еске сала кетейік, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.
https://sputnik.kz/20240208/almatydagy-lay-koshkini-bir-adamnyn-denesi-tabyldy-42147407.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42155647_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_9d79b3896b85f31b67b16e59cfa1cb66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда лай көшкінінен үйінді астында қалған төрт адамның денесі табылды
12:06 08.02.2024 (жаңартылды: 12:34 08.02.2024) Үйінді астынан құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жасөспірімнің денелерін тауып алып шықты
АСТАНА, 8 ақпан - Sputnik. Алматыда лай көшкінінен үйінді астында қалған төрт адамның барлығының денесі табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Үйінді астынан құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жасөспірімнің денелерін тауып алып шықты.
Бұған дейін марқұмдардың көршілері қираған үйде төрт адам тұрғанын, олардың екеуі ересек, ал екеуі жасөспірім егіз бала екенін айтқан болатын.
"Сол жерде үйінділерді бөлшектеу және лайдан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Үлкен көлемдегі лайдан тазарту жұмыстары өткір заттар, әйнек, арматура және т.б. заттар арқылы жүргізілуде. Лай көшкіні болған үйге апаратын жол тар, техниканы барынша пайдалану мүмкін болмай отыр. Жұмыс негізінен қолмен жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетеді",- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.