Семейде сауда орталығы өртенді: Скляр тапсырма берді

© PhotoПожар в торговом доме города Семей локализован
Пожар в торговом доме города Семей локализован - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Бұл жағдай үкіметтің тұрақты бақылауында
АЛМАТЫ, 7 ақпан - Sputnik. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда орталығында ("Корпорация Ақшың" ЖШС) болған өрттің салдарын жою мәселелері қаралды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Өртке қатысты қандай шаралар қабылданғаны туралы Абай облысының әкімі, төтенше жағдайлар, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және ұлттық экономика министрліктерінің басшылары баяндама жасады.
Сауда орталығында 6,9 мың шаршы метр аумақ өртенген. Оқиға 6 ақпанда болған.
Қазіргі уақытта өрт болған жер қоршалып, күндіз-түні потрульдер күзетіп жүр.
Абай облысы ТЖД полиция және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері тергеуді бастады.
Роман Скляр өрт себептерін және келтірілген залалдың көлемін анықтап, өрттің салдарын жою бойынша қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.
Бұл жағдай үкіметтің тұрақты бақылауында.
Семейлік өрт сөндірушілер сауда орталығындағы өртті сөндіріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Семейде базар өртеніп жатыр – өрт сөндіру пойызы шақырылды
Жаңалықтар
0