Семейде базар өртеніп жатыр – өрт сөндіру пойызы шақырылды

© PhotoСемейлік өрт сөндірушілер сауда орталығындағы өртті сөндіріп жатыр
Семейлік өрт сөндірушілер сауда орталығындағы өртті сөндіріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Өрт сөндірушілер оқиға орнына өте жылдам жеткенімен, тілсіз жаудың оқшауланғаны туралы ақпарат әлі түскен жоқ
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Семейде 4 мың шаршы метр аумақта пластикалық бутиктер өртеніп жатыр.
Өрт туралы хабар түнде түсті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Дереу жеткен өрт сөндірушілер Засядко көшесі, 65 мекенжайындағы 2 қабатты ғимараттың бірінші қабатында өрт шығып, 2-ші қабатқа және шатырға шарпығанын анықтады.
"Ғимараттан қатты түтін шықты. Қаза болғандармен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала аумағы 4000 шаршы метрден асады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген құтқарушылар хабарламасында.
Оқиға орнына өрт сөндіру штабы жұмылдырылды.
"Жоғары температура, жоғары өрт жүктемесі, тез тұтанатын материалдардың болуы өртті сөндіруді қиындатып отыр", - деп хабарлады Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның мәліметінше өртті сөндіруге жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Жаңалықтар
0