"Пышақтап, үйін өртеп кеткен": Қарағандыда заңгердің өліміне қатысты сот басталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Ерлі-зайыпты 20 жылға сотталуы мүмкін. Дегенмен олар кінәсін мойындамай отыр
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда бұрынғы "Арселор МитталТеміртау" компаниясының заңгерін өлтірді деген күдікке ілінген ерлі-зайыптыға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлады КТК.
Күдіктілер Ирина Эмді өз пәтерінде пышақтап, қылмысты жасыру мақсатында баспанаға өрт қойып кеткен.
53 жастағы Сергей Жданов марқұмның көршісі. Ал 45-тегі Ольга Романова оған жиі келіп, арақ ішкен кездерде қонып та қалады екен.
Жантүршігерлік қылмыс сәуір айында болып, шағын ғана Шахтинскті дүрліктірді. Тергеу мәліметінше марқұмға көршісі қарызға ақша сұрай кірген. Көңілдесінің көрші келіншекке кіргенін көтере алмаған Ольга Иринаға пышақ сұққан екен. Кейін Ждановтың өзі де сегіз жерінен пышақтаған. Демі үзілді-ау дегенде диванға жатқызып от қойыпты.
Марқұмның қызының сөзінше, үйден 400 мың теңге жоғалған. Сот алқа билер қатысуымен өтіп жатыр. Ерлі-зайыпты 20 жылға сотталуы мүмкін. Дегенмен олар кінәсін мойындамай отыр.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Петропавлда бір отбасының үш адамын өлтіріп кетті: күдіктілер ұсталды
Жаңалықтар
0