Петропавлда бір отбасының үш адамын өлтіріп кетті: күдіктілер ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Жазылу
Кәсіпкерлер мен олардың кәмелетке толмаған ұлы өлі табылды, деп хабарлады полиция
ПЕТРОПАВЛ, 29 желтоқсан – Sputnik. Петропавлда бір отбасын өлтіріп кетті, тәртіп сақшылары күдіктілерді бір күн ішінде ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Жұмысшылар ауылында үш адамнан тұратын отбасын – ерлі-зайыпты мен олардың ұлын өлтіріп кеткені туралы бейресми ақпарат жарияланды. Отбасы жерлеу бизнесімен айналысты.
Солтүстік Қазақстан полиция департаменті 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлықпен өлтірілген үш адамның мәйіті табылғаны туралы телефон хабарламасы түскенін растады.
"Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағының 2-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша тіркеліп, полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, облыс орталығының екі тұрғынын анықтап, ұстады", – деді полиция.
Күдіктілер Петропавл қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен полиция департаментінің бақылауында, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Домашнее насилие, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Екі күн бұрын жоғалған: Түркістан облысында күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды
Жаңалықтар
0