https://sputnik.kz/20240203/duniezhuzilik-koshpendiler-oyyndaryna-100-den-asa-eldin-sportshylary-qatysady-42025605.html
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден аса елдің спортшылары қатысады
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден аса елдің спортшылары қатысады
Sputnik Қазақстан
Қазірдің өзінде бұл ауқымды іс-шараға 107 мемлекет қызығушылық танытқан 03.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-03T11:09+0500
2024-02-03T11:09+0500
2024-02-03T12:25+0500
ұлттық спорт түрлері
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1b/37975880_0:24:1506:871_1920x0_80_0_0_0b1b9d3eea95a6fe829e30c5ef7dff4f.jpg
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге белсенді дайындық жүргізіліп жатыр. Жылдың басты оқиғаларының бірі қыркүйек айында өтеді.Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-14 қыркүйек аралығында өтетін көшпенділер ойындарына жүзден аса елдің төрт мыңға жуық өкілі қатысады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде бұл ауқымды іс-шараға 107 мемлекет қызығушылық танытқан.Ойындар үш негізгі бағыттан тұрады: спорт, мәдениет, ғылым. Мәселен, спорттың 20 түрінен 110 медаль сарапқа салынады. Спорттық бағдарламада ұлттық ат спорты, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі садақ ату, аң аулайтын құстармен аң аулау және зияткерлік спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі. Сондай-ақ көрме бағдарламасына 10 түрлі этникалық спорт түрі кіреді.Спорттық бағдарламаның нысандары сызықтық жүйе бойынша бір-біріне өте жақын орналасқан.Қатысушыларды қонақ үйден жарыс орнына дейін ыңғайлы тасымалдау пысықталды.Ойындарды өткізу үшін елорданың 6 негізгі спорттық инфрақұрылымы бекітілді: "Астана-Арена" стадионы, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, "Алау" мұз айдыны сарайы, "Қазақстан" жеңіл атлетика спорт кешені, "Думан" қонақ үй кешені, "Қазанат" ипподромы.Мәдени бағдарламаның негізгі алаңы "Қазанат" ипподромына іргелес "Көшпенділер әлемі" этноауылы болмақ.Ұлттық музейде этноспортты дамытудың түрлі аспектілері зерттелетін халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.Ойындарды ұйымдастыруға 1000-ға жуық ерікті қатысады. Волонтер болуға 18 жастан асқан кез келген астаналықтың мүмкіндігі бар.
https://sputnik.kz/20240201/astanalyqtar-duniezhuzilik-koshpendiler-oyyndarynda-volonter-bola-alady-41977983.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1b/37975880_157:0:1349:894_1920x0_80_0_0_d312bc0242e26eb3cd73ed43101b9c92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық спорт түрлері, дүниежүзілік көшпенділер ойыны
ұлттық спорт түрлері, дүниежүзілік көшпенділер ойыны
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден аса елдің спортшылары қатысады
11:09 03.02.2024 (жаңартылды: 12:25 03.02.2024) Қазірдің өзінде бұл ауқымды іс-шараға 107 мемлекет қызығушылық танытқан
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге белсенді дайындық жүргізіліп жатыр. Жылдың басты оқиғаларының бірі қыркүйек айында өтеді.
Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-14 қыркүйек аралығында өтетін көшпенділер ойындарына жүзден аса елдің төрт мыңға жуық өкілі қатысады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде бұл ауқымды іс-шараға 107 мемлекет қызығушылық танытқан.
Ойындар үш негізгі бағыттан тұрады: спорт, мәдениет, ғылым. Мәселен, спорттың 20 түрінен 110 медаль сарапқа салынады. Спорттық бағдарламада ұлттық ат спорты, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі садақ ату, аң аулайтын құстармен аң аулау және зияткерлік спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі. Сондай-ақ көрме бағдарламасына 10 түрлі этникалық спорт түрі кіреді.
Спорттық бағдарламаның нысандары сызықтық жүйе бойынша бір-біріне өте жақын орналасқан.
Қатысушыларды қонақ үйден жарыс орнына дейін ыңғайлы тасымалдау пысықталды.
Ойындарды өткізу үшін елорданың 6 негізгі спорттық инфрақұрылымы бекітілді: "Астана-Арена" стадионы, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, "Алау" мұз айдыны сарайы, "Қазақстан" жеңіл атлетика спорт кешені, "Думан" қонақ үй кешені, "Қазанат" ипподромы.
Мәдени бағдарламаның негізгі алаңы "Қазанат" ипподромына іргелес "Көшпенділер әлемі" этноауылы болмақ.
Ұлттық музейде этноспортты дамытудың түрлі аспектілері зерттелетін халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Ойындарды ұйымдастыруға 1000-ға жуық ерікті қатысады. Волонтер болуға 18 жастан асқан кез келген астаналықтың мүмкіндігі бар.