Астаналықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында волонтер бола алады

© Photo : pixabay/rawpixelРуки
Руки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Жазылу
Ұйымдастырушылар атап өткендей, 18 жастан асқан тұрғындар волонтер бола алады
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. 8-15 қыркүйек аралығында Астанада тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Айтулы іс-шараны өткізу кезінде елордалық колледждер мен жоғары оқу орындарының мыңға жуық студенті волонтер ретінде тартылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Волонтерлер қатарына қабылдау туралы түсіндірілетін кездесулер сериясы елордалық оқу орындарында өтеді.
"Біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында студенттерді іріктеуді ұсынамыз. Бұл жұмыс ойындарға дайындық дирекциясымен бірлесіп жүргізіледі. Бізде сайттар мен әлеуметтік желілерде танысуға болатын белгілі бір критерийлер бар. Аса шектеулер жоқ. Сондай-ақ халықаралық еріктілердің қатысу мәселесін қарастырамыз. Болашақ үміткерлердің негізгі критерийлері шет тілдерін, әсіресе, ағылшын және түрік тілдерін білуі керек. Жарысты өткізу кезінде жастар арнайы құрал-жабдықтармен, тамақпен және көлікпен қамтамасыз етілетін болады. Тұрғын үйге келетін болсақ, бұл жағы қанша адамды қабылдайтынымызға байланысты болады, өйткені студенттер арасында қалалық және басқа қаладан келгендері де бар. Барлық мәселелер ретіне қарай шешілетін болады, - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев журналистерге.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, 18 жастан асқан тұрғындар волонтер бола алады. Олардың көмегі келесі бағыттар бойынша қажет болады: қатысушыларды қонақтармен қабылдау, аккредиттеу орталықтары мен қонақ үйлерге апару, спорттық іс-шаралар өткізілетін кешендерге көмек көрсету, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, ойын кезінде қатысушыларға тамақ жеткізу және т. б.
Естеріңізге сала кетейік, алдын ала болжам бойынша V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 100-ден аса елінің 4 мыңға жуық өкілі қатысады.
Волонтерлік қызметпен айналысқысы келетіндер сайттағы "Волонтер" бөліміне кіре алады https://worldnomadgames.kz және сауалнаманы толтырыңыз.
Іріктеу толтырылған сауалнамалар арқылы жүргізіледі. Әңгімелесуге барлық талаптарға сай келетін еріктілер шақырылады.
Ақпаратты @Volunteer_nomadgameskz парақшасынан және Tik Tok әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ WhatsApp және Telegram-да 8 701 841 20 24 телефоны арқылы алуға болады.
Жаңалықтар
0