26 көлік соқтығысқан жол учаскесі әлі жабық тұр – облыс әкімдігі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
Құтқарушылар көліктерді қар құрсауынан шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің Тараз қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабық тұр. Екі күн бұрын сол жерде 26 көлік соқтығысқан болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Бірлік мен Бурылбайтал ауылдары арасындағы боран басылмаған. Жер көктайғақ, күн ашылмай жатыр. Сол себепті жол әлі жабық.
"Тараз маңында 350 жүк көлігі мен 50 жеңіл автокөлік, Байзақ ауданындағы Ақшолақ станциясында 100 жүк көлігі, Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылының маңында 200 көлік және Қордай ауданы Қайнар ауылында 200 автокөлік тоқтап тұр", - дейді әкімдік мамандары.
Құтқарушылар көліктерді қар құрсауынан шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал адамдарды эвакуациялау мақсатында автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері ашылды. Мәселен, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орта мектеп базасында орналастырылған жылыту пунктіне 25 адам жеткізілді. Ол жерде тамақ, төсек орын және басқа да қажетті заттар бар.
​Айта кетері, 31 қаңтарда осы аумақта ірі жол апаты болды. Көктайғақ пен боранның салдарынан 26 автокөлік соқтығысты. Соның ішінде 4 жолаушылар автобусы мен 4 жүк көлігі бар, қалғаны - жеңіл көліктер. Қаза тапқан адамдар жоқ. Бауыржан Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дәрежеде жарақат алған 25 адам жүгінді.
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жамбыл облысындағы ірі жол апаты: 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар
0