Жамбыл облысындағы ірі жол апаты: 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жазылу
Дәрігерлер науқастардың жағдайы ауыр дейді
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында ірі жол апатынан зардап шеккен 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі хабарлады.
Момышұлы ауылындағы орталық аудандық ауруханасына сағат 17:45-ке дейін 26 адам жеткізілген.
"26 адамның 4-еуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Ауыр жағдайдағы бір науқас санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Сондай-ақ Нұрлыкент ауылының мәдениет үйінде жылыту пункті ұйымдастырылды, онда қазіргі уақытта 19 адам бар. Оның ішінде 5-еуі - бала. Олар ыстық тамақпен, төсек-орынмен қамтамасыз етілген", - дейді облыстық әкімдік.
Оқиға орнында Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза, полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбеков барды.
Қазіргі уақытта "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трассасының 593-тен 534 км-ге дейінгі бөлігінде жол ашық.
Жолдарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Ауа райының қолайсыздығынан Жамбыл облысында 26 көлік соқтығысты.
В массовом ДТП в Жамбылской области столкнулись 26 машин - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
26 көлік соқтығысты, ішінде 4 автобус бар: Жамбыл облысында ірі жол апаты болды
Жаңалықтар
0