Қарағанды облысындағы газ жарылысы: зардап шеккен тұрғындар уақытша баспанаға көшірілді

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаДвухэтажный дом обрушился в Карагандинской области из-за взрыва газового баллона: двое погибли
Двухэтажный дом обрушился в Карагандинской области из-за взрыва газового баллона: двое погибли - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жазылу
12 отбасының ішінде бір отбасы туыстарымен тұруды таңдап, уақытша баспанадан бас тартты
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінде кеше газ баллоны жарылған үйдің барлық тұрғындарына уақытша баспана табылғаны туралы хабарлады.
"12 отбасының ішінде бір отбасы туыстарымен тұруды таңдап, уақытша баспанадан бас тартты. Бүгін олардың үй-жайларын тексердім. Күні бойы әкімдік қызметкерлері еріктілермен бірлесіп жеке заттарды тасымалдауды ұйымдастыруға көмектесті. Отбасыларға қажетті көмек пен кеңес беру бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары бекітілді", — деп жазды Бұқар Жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, аудан басшысы ТЖ салдарын жою жұмыстары жалғасып жатқанын және облыс әкімінің бақылауында екенін айтты.
Еске салсақ, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында газ баллоны жарылып, тұрғын үй опырылып қалды. Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.
Двухэтажный дом обрушился в Карагандинской области из-за взрыва газового баллона: двое погибли - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Құтқарушылардың техникасы жоқ: жарылыстан қаза тапқандардың туысы оқиғаның мән-жайын айтты
Жаңалықтар
0