https://sputnik.kz/20240130/qutqarushylardyn-tekhnikasy-zhoq-zharylystan-qaza-tapqandardyn-tuysy-oqiganyn-man-zhayyn-aytty-41921905.html
Құтқарушылардың техникасы жоқ: жарылыстан қаза тапқандардың туысы оқиғаның мән-жайын айтты
Құтқарушылардың техникасы жоқ: жарылыстан қаза тапқандардың туысы оқиғаның мән-жайын айтты
Sputnik Қазақстан
Марқұмдардың туысының айтуынша, әйелді құтқарып қалуға болар еді 30.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-30T18:18+0500
2024-01-30T18:18+0500
2024-01-30T18:29+0500
жарылыс
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1e/41909310_0:352:1024:928_1920x0_80_0_0_746e9ba4de84fd5088708bc60b212ced.jpg
АЛМАТЫ, 30 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде тұрғын үйде газ жарылып, ғимарат опырылып түсті. Үйінді астында қайтыс болған ерлі-зайыпты Рахметовтердің туыстары Sputnik Қазақстанға оқиғаның мән-жайын айтып берді.Айгерім Раисованың айтуынша, суық хабарды түнгі сағат 12:00 шамасында естіген.Қайтыс болған ерлі-зайыптылардың үйі жарылыс болған пәтердің үстіңгі қабатында орналасқан."Пәтері жарылған көршілер түнімен үйіне жөндеу жасайды екен, құрылысшылар – өзбектер. Сол оқиға болардан бұрын күйеу балам оларға барып: "түнімен жөндеу жасағанды қойыңдар, балаларды ұйықтатпадыңдар" деп ескерту айтыпты, бірақ көршілері тыңдамаған", - дейді Раисова.Жарылыс болған күні марқұм Рахметовтердің қасында 3 жастағы немересі болған. Баланы құтқарып, аман алып қалған."Баллонның қайдан пайда болғаны белгісіз. Сол өзбектердің жөндеу жұмыстары кезінде әкелген баллоны деп жатыр. Құтқарушылар жарылыстан соң 4-5 сағаттан кейін марқұмдардың денесін алып шықты. Олардың не краны жоқ, не техникасы жоқ. Ешкімді кіргізбеді, өздері де қозғалмады. Краны 3-4 сағаттан кейін келген. Негізі қайын сіңілімнің даусы біразға дейін шығып жатты. Құтқарып қалуға болар еді. Баллалар жүрді ғой алғаш сол жерде, солар дауысы шығып жатты деп айтып жатыр", - дейді марқұмдардың туысы Айгерім Раисова.Айта кетейік, Ботақарада екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, адамдар үйінді астында қалды.
https://sputnik.kz/20240130/qaragandy-oblysynda-gaz-ballony-zharyldy-zardap-shekken-otbasylarga-komek-korsetiledi-41912191.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1e/41909310_0:256:1024:1024_1920x0_80_0_0_1b04b45949dc2f16c2f43312b9986d7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарылыс, қарағанды облысы
жарылыс, қарағанды облысы
Құтқарушылардың техникасы жоқ: жарылыстан қаза тапқандардың туысы оқиғаның мән-жайын айтты
18:18 30.01.2024 (жаңартылды: 18:29 30.01.2024) Марқұмдардың туысының айтуынша, әйелді құтқарып қалуға болар еді
АЛМАТЫ, 30 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде тұрғын үйде газ жарылып, ғимарат опырылып түсті. Үйінді астында қайтыс болған ерлі-зайыпты Рахметовтердің туыстары Sputnik Қазақстанға оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Айгерім Раисованың айтуынша, суық хабарды түнгі сағат 12:00 шамасында естіген.
"Түн жарымда суық хабарды естіп, төбемізден жай түскендей болды. Қайтыс болған Алма Рахметова – менің күйеуімнің туған қарындасы. Жасы – 49-да. Негізі отбасында екі баласы болған. Бір баласы осыдан 3-4 жыл бұрын суға кетіп қайтыс болды", - дейді марқұмдардың жеңгесі Айгерім Раисова.
Қайтыс болған ерлі-зайыптылардың үйі жарылыс болған пәтердің үстіңгі қабатында орналасқан.
"Пәтері жарылған көршілер түнімен үйіне жөндеу жасайды екен, құрылысшылар – өзбектер. Сол оқиға болардан бұрын күйеу балам оларға барып: "түнімен жөндеу жасағанды қойыңдар, балаларды ұйықтатпадыңдар" деп ескерту айтыпты, бірақ көршілері тыңдамаған", - дейді Раисова.
Жарылыс болған күні марқұм Рахметовтердің қасында 3 жастағы немересі болған. Баланы құтқарып, аман алып қалған.
"Баллонның қайдан пайда болғаны белгісіз. Сол өзбектердің жөндеу жұмыстары кезінде әкелген баллоны деп жатыр. Құтқарушылар жарылыстан соң 4-5 сағаттан кейін марқұмдардың денесін алып шықты. Олардың не краны жоқ, не техникасы жоқ. Ешкімді кіргізбеді, өздері де қозғалмады. Краны 3-4 сағаттан кейін келген. Негізі қайын сіңілімнің даусы біразға дейін шығып жатты. Құтқарып қалуға болар еді. Баллалар жүрді ғой алғаш сол жерде, солар дауысы шығып жатты деп айтып жатыр", - дейді марқұмдардың туысы Айгерім Раисова.
Айта кетейік, Ботақарада екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, адамдар үйінді астында қалды.